"Қара бүркіт" түрмесінің экс-басшысы 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды
"Қара бүркіт" түрмесінің экс-басшысы 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды
187
оқылды
Қостанай облысының Жітіқара аудандық сотында өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасына кесілгендерге арналған "Қара бүркіт" УК – 161/3 колониясының бұрынғы бастығы Арман Әбілевке үкім шығарылды. Сот Әбілевті пара алғаны (ҚР ҚК 366-бабы, 3-бөлігі) және оқ-дәрілерді заңсыз сақтағаны (ҚР ҚК 287-бабы, 3-бөлігі) үшін кінәлі деп таныды. "Сот сотталушының жазасының қылмыстық жауапкершілігін жеңілдететін мән -жайларды оның жасаған ісіне шын жүректен өкінетінін, қылмыстық құқық бұзушылық нәтижесінде келтірілген мүліктің ерікті түрде өтелуін, асырауында үш жас баланың және бір кәмелетке толмаған баланың, сондай-ақ қарт анасының болуын мойындайды", - деді судья Лариса Карчинская үкім шығару кезінде. Колонияның бұрынғы бастығы қауіпсіздігі барынша төмен қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде (қоныс-колониясы) жазасын өтейді, ол 8 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. «Бір іспен мен бүкіл мансабымды құрттым, қызмет еткен подполковник атағын масқаралағаныма өкінемін. 20 жылдан астам уақыт қылмыстық-атқару жүйесі органдарында жұмыс істедім. Мен барлық құқық қорғау жүйесінің беделіне нұқсан келтіргенімді мойындаймын», – деді Арман Әбілев өзінің соңғы сөзінде Айта кетейік, «Қара бүркіт» колониясы Жітіқара қаласынан 30 шақырым жерде орналасқан. Жеке құрамнан бөлек, түрмені ішкі әскер қызметі күзетеді.