Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, 31 қаңтар күні сағат 23:50 шамасында «Қарағанды-Абай» тасжолында BMW автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульге ие бола алмай қалған.
Жолдың қарсы бағытында келе жатқан Chevrolet көлігімен бетпе-бет соқтығысқан.
Екінші машинада 4 жолаушы болған.
«Жол-көлік апатынан BMW автокөлігінің жүргізушісі, жолаушысы мен Chevrolet автокөлігінің 3 жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Chevrolet-тің 26 жастағы жүргізушісі мен тағы 1 жолаушысы ауруханаға жатқызылды. Тергеу басталды», – дейді полицейлер.
Бұған дейін Қарағандыда жеңіл көлік пен автобус апатқа ұшырағанын жазған болатынбыз.