Ақтөбе тұрғыны үйіне жұма намазын оқу үшін адам жинаған. Оған 180 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Бұл туралы Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Экстремизмге қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері жедел-іздестіру шарасын өткізді. Әкімшілік құқықбұзушылық туралы Кодекстің «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы ҚР заңнамасын бұзу» бабы бойынша әкімшілік құқықбұзушылық фактісі анықталып, 57 жастағы ер адам өз үйінің жертөлесінде 35-40 адамды жинап, жұма намазын өткізді деген күдікпен ұсталды. Діни қызмет туралы заңнаманы бұзғаны үшін үй иесіне 180 570 теңге көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.
«Облыстың бас санитариялық дәрігерінің қаулысын бұзғаны үшін материал жиналып, заңды шешім қабылдау үшін облыстық Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментіне жіберілді», – деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.