Елорда тұрғыны дүкеннен футболка ұрлаған
Елорда тұрғыны дүкеннен футболка ұрлаған
127
оқылды

Жас жігіт киім-кешек дүкенінен алты футболка ұрлап кеткен. Ол ұрланған заттарды киімінің ішіне жасырып, алып шыққан екен.

Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің баспасөз қызметі мелімдеуінше, ұсталған жігіт жасаған іс-әрекетін мойындады. Заттай дәлелдеме – футболкалар тәркіленді. Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Сонымен қатар оның елорда аумағында бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы бар-жоғы анықталуда.  Полиция департаменті мұқият болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды ескертеді.