Әкімді сайлау – әріден ойлау
Әкімді сайлау – әріден ойлау
249
оқылды

Әуелі әңгіменің басын ашып алайық. Жергілікті әкімдерді сайлау тәжірибесі Қазақстанда 2013 жылдан бері бар. 2013 және 2017 жылдары елдегі 2,5 мыңға жуық әкімнің 1 416-сы жанама түрде 4 жылға сайланған. Жалпақ тілмен түсіндірсек, әкімдерге тікелей тұрғындар емес, мәслихат депутаттары дауыс берген. Оның үстіне, кандидаттарды аудан әкімдері ұсынатын. Сайланды деген аты болмаса, іс жүзінде мұндай сайлаудың тағайындаудан айырмасы шамалы еді. Бірқатар сарапшылар сол кездегі әкімдер сайлауын «демократияның декорациясы» деп атаған. Осының бәрін ескерген Мемлекет басшысы 2021 жылдан бастап ауыл әкімдері тікелей сайланады деп шешті.

Қоғам өз әкімін өзі таңдауға дайын ба?

Сонымен, биыл ауыл, кент және аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы өтеді. Бұл туралы Қасым-Жомарт Тоқаев бір­­неше рет айтты. Президент жыл басында жарияланған «Тәуел­­­сіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында азаматтардың мемлекеттік бас­қаруға белсенді араласа бастауын Ордабасы, Күлтөбе, Ұлытаудағы ұлы жиын­дармен салыстырады. «Саяси реформа бір күннің немесе бір жылдың шаруасы емес. Мұны ел іргесін шайқалтпай, бе­реке-бірлігін бұзбай, байыппен және біртіндеп іске асыруымыз керек. Бірақ реформаны соза беруге де болмайды. Билік ха­­лықтың алдындағы өз жауап­кершілігін сезінгені жөн. Сол себепті біз ауыл және кент әкім­дерін сайлауға көшеміз. Осы арқылы ең төменгі деңгейден бастап жергілікті өзін-өзі басқару жүйесін нығайтамыз. Бұл қадам өзекті мәселелерді тұрғындар мен жергілікті биліктің бірлесіп шешуі үшін қажет. Содан кейін аудан әкімдерін сайлаймыз. Жаңа жүйе өзінің тиімділігін көрсетсе, бұдан да жоғары деңгейдегі әкімдерді сайлайтын боламыз», – деді Мем­лекет басшысы. Жергілікті әкімдерді сайлау мәселесін ең алғаш Елбасы Нұр­сұлтан Назарбаев 1998 жылы кө­терген. 1999 жылы Алматы об­лысындағы Шамалған ауылының әкімі тікелей жолмен сайланды. Билік мұны «эксперимент» деп таныстырып, «егер сәтті болса, республиканың басқа аймақ­тарына енгіземіз» деп мәлімдеді. Алайда көп ұзамай бұл үрдіс Ша­малған ауылында да, өзге өңірлерде де жалғаспай қалды. Әдетте демократияның отаны деп АҚШ-қа тамсанамыз ғой. Міне, осы америкалықтар тек президенті мен конгресін ғана емес, штат губернаторларын, қа­ла мэрлерін, аудандағы ат­қарушы билік өкілдерін, сот қыз­мет­кер­лерін, тағы да басқа жүз­деген саяси қызметкерін сай­лайды. Бір­неше аудан мек­тептерін бі­­­рік­тіретін атқа­рушы орган бар, оның да басшысын дауыс беру арқылы таңдайды. Былтыр біздің Ұлттық экономика министрлігі Аме­риканың үл­гісімен «Сайлау ту­ра­лы» заңға өзгерістер мен то­­лы­қ­­тырулар енгізіп, заң жобасын талқылауға ұсынған. Құжатта «ауыл әкімін аудан әкімі кез кел­ген уақытта қызметінен қуып жібере алады» деген сөз ерекше наза­рымызды аударды. Та­ғайын­далған әкім сайланған әкімді ор­нынан алып тастаса, сайлау­шы­лардың құ­қығын қайда қоя­мыз? Ауыл әкімі аудан бас­шы­сының тілін табамын ба, әлде сай­лау­шы­лардың көңілін ау­лаймын ба деп екі жаққа жал­тақтап жүргенде өкілеттік мер­зімін өткізіп алуы мүмкін ғой. Бірақ таяқтың екінші ұшын да ұмытпайық. Егер ауыл әкімі өзі­нен жоғары басшыларға ба­ғын­баса, мұның соңы мем­лекеттік бас­қару жүйесін то­қы­ратып, ұлт тұтас­тығына қатер төндіруі ық­тимал. Иә, кабинеттен аттап шық­пайтын, жылына екі рет ел алдында есеп беріп, кейін халықтан іргесін аулақ салатын әкімдердің дәурені өтіп барады. Қазіргі жағдай ауыл әкімдерінің күндіз-түні шапқылап, халықпен қоян-қолтық жұмыс істегенін талап етіп отыр. Әкімдер осы талаптың үдесінен шықса игі. «Nur Otan» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек қоғамдағы келеңсіздіктерді ашық сынап, онымен күресетін саяси, қоғамдық мәдениет қалып­тастыру қажет деп санайды. «Президент айтқандай, біз халық үніне құлақ асатын мем­ле­кетті құруымыз қажет. Қазіргідей коронавирус кезінде көп жерлерде жергілікті басшылар, аудан, ауыл әкімдері кейбір мәселелерді шеш­пегенін, жағдайға мән беріп, қам­данбағанын көріп жатырмыз. Халықтан арыздың көбеюі, түрлі мәселелер 1 емес, 100 рет көтерілсе, әрине оны жүйелі проблема деп айтуға болады. Сайланған әкімдер осы мәселелерге көбірек мән бе­ріп, көңіл бөледі», – дейді сая­саткер. Жаңа біз тілге тиек еткен заң жобасында «ауыл, кент, ауылдық округ әкімдерінің кандидатурасын партиялар ұсынады» деп жазылған. Яғни, кешегі Мәжіліс сайлауы сияқты. Сіз партияға дауыс бересіз, бірақ партияның атынан кім әкімдікке ұсынылғанын партия басшылары шешеді. Жалпы, қоғамда про­порционалды сайлау жүйесіне қатысты екіұшты көз­қарас қа­лыптасқан. Біреулер үміткерді партиялық тізіммен сайлау саяси мәдениетті арт­тырады, халық же­келеген тұлға­лардың емес, озық идеялар­дың төңірегіне топтасады десе, екінші тарап пропорционалды жүйе демократияны тежейді деп есеп­тейді. Дегенмен Пре­зидент саяси жаңғыру барысында асы­ғыстыққа бой алдырып, жа­лаң ұранға еру мемлекеттік жүйені дағдарысқа ұшыратады деп сақ­тандырады.

Қоғамда ауыл-аймақтағы әкімдер сайлауы рушылық дертін қоздырады деген қорқыныш ба­сым. Тұрғындар «біздің елдің жігіті ғой» деп руласына бұра тартса, нағыз талантты мамандар тасада қалады. Президент кө­мекшісі Ерлан Қариннің пікірінше, бір жағынан, трайбализм демо­кра­тиялық институттардың қыз­метін тежеуі мүмкін, екінші жа­ғынан, демократиялық инсти­туттарды енгізу арқылы біз жаңа­ғыдай жағымсыз факторлардың ық­палын әлсіретеді екенбіз.

«Бір сәтте барлығын түбірімен өзгерту неге әкеп соқтыратынын кейбір елдердің бүгінгі ахуалынан көріп отырмыз. Елімізде, ең алдымен адамның құқығын толы­ғымен сақтауға негізделген заң мен тәртіп болуы керек. Анархия мен жүгенсіздік жақсы­лыққа апар­майтыны анық», – дейді Тоқаев. Негізі, партияның атынан сай­лауға түсу – әлемде кең тараған тәжірибе. Еуропаның көп елінде мэрлер партиялық тәртіппен таңдалады. Қазақстанда 2,5 мың­нан астам әкімнің 90 пайызы ауыл әкімдері екенін ескерсек, алдағы сайлауды жалпыұлттық науқан деуге болады. Қоғамда ауыл-аймақтағы әкімдер сайлауы рушылық дертін қоздырады деген қорқыныш ба­сым. Тұрғындар «біздің елдің жігіті ғой» деп руласына бұра тартса, нағыз талантты мамандар тасада қалады. Президент кө­мекшісі Ерлан Қариннің пі­кі­рінше, бір жағынан, трайбализм демо­кра­тиялық институттардың қыз­метін тежеуі мүмкін, екінші жа­ғынан, демократиялық инсти­туттарды енгізу арқылы біз жаңа­ғыдай жағымсыз факторлардың ық­палын әлсіретеді екенбіз. Өзге ұлт өкілдері тығыз қо­ныстанған өңірде сайлау өткізу де қауіпті. Мысалы, АҚШ-та амиш­тер, масондар немесе испан­тілділер мол шоғырланған жер­лерде тек солардың өкілдері не солардың шашбауын көтеретін тұлғалар ғана сайланады. Сон­дықтан біздің ойы­мызша, кан­дидаттарға мемле­кеттік тілді мін­детті түрде жетік меңгерсін деп нақты талап қойған дұрыс. Бұл талап «Әкімшілік іс жүргізу ту­ралы» және «Тұты­нушылардың құқығын қорғау ту­ралы» секілді қолданыстағы заң­дарға сай келеді. Бұл ұлтаралық араздықтың алдын алуы да мүмкін. Әкімдерді сайлау тағы да сәтсіз тәжірибеге айналмасын десек, сайланған әкімнің қолына қо­мақты бюджет ұстатуымыз керек. Обалы нешік, Қазақстанда төр­тінші деңгейлі бюджет ен­гізілгелі бірнеше жылдың жүзі болды. Ауыл округтері мен кент­тердің шағын бюджеті бар. Бірақ ондағы азын-аулақ қаражат жұрт­ты ма­залайтын түйткілдерді шешуге жетпейді. Ауыл әкім­дерінің қар­жысы ауланы таза ұстап, кө­шеге гүл мен ағаш егу­ден, ай­наланы жарық­тан­ды­рудан ар­тылмайды. Тағайын­далған әкім­нен сайланған әкімнің жауап­­кер­шілігі жоғары болса, ертең ол мардымсыз ақ­ша­мен мың­­даған тұрғынның көңі­лін қалай таппақ? Қайбір жылы Қоғамдық кеңес­тер деген институт құрылып, ар­найы заң қабылданғаны есімізде. Кеңес мүшелерінің 23 пайызы мемлекеттік органдардың қызмет­керлері болса, 20,7 пайызы ғана үкіметтік емес ұйым өкілдері екен. Амал қанша, аталмыш институт халықтың мұң-мұқтажын төрдегі төрелерге жеткізетін шын мә­нін­дегі өзін-өзі басқару органына айнала алмады. Әкімдер дегенде ең алдымен еске түсетіні – ел ал­дын­дағы есептілік десек, оның да нақты тетіктері әлі беймәлім. Ше­неуніктер «сайланған әкім сай­лаушылардың алдында жауап бе­реді» дейді де, қалай жауап бере­тінін ашып айтпайды. Белгілі саясаттанушы Дос Кө­шім жергілікті өзін-өзі басқару дегенді «ауыл әкімі аудан әкімін танымайды, ал ауданның әкімі облыстың әкіміне сәлем бермейді, міне, жергілікті өзін-өзі басқару» деп сипаттапты. Ғалымдар му­ниципалды басқару түрінің пайда болғанына 2000 жылдан асты деп шамалайды. Дала демократиясы дәстүрімен өмір сүрген қа­зақ­тардың да жергілікті басқару жүйе­сі болды. Әр ауыл өзінің ішкі мәселесін өзі шешкен. Демек, ауыл, аудан әкімдерін сайлаудың біздің халыққа жаттығы жоқ. Ал бұл қадам бірінші кезекте елі­міздегі демократиялық үр­дістерді тереңдетіп, саяси жүйені жетілдіре түссе, екіншіден әкім­дерді сайлау олардың есептілігін де екі есе арт­тырады. Бюджеттің орынды жұмсалуы мен жергілікті мә­селелерді шешуге де бұл бас­та­маның әсері мол болмақ әрі бұқараның саяси үрдістерге көбірек қа­тысуына ықпал етері сөзсіз.

еркебуланЕркебұлан НҰРЕКЕШ