Тозығы жеткен тар бөлмеде 6 баласын бағып отырған жалғызбасты әкеге баспана сыйлады
Тозығы жеткен тар бөлмеде 6 баласын бағып отырған жалғызбасты әкеге баспана сыйлады
371
оқылды

Төрт қыз бен екі ұл өсіріп отырған әкенің ең кенжесі небары үш жаста. Шиеттей бала-шағамен тұрып жатқан 18 шаршы метрлік ескі әрі кішкентай үйдің әбден тозығы жеткен.

Мәселенің мән-жайына қаныққан облыстық мәслихаттың жаңа шақырылым депутаты, өзі де көпбалалы әке Руслан Қожасбаев Ерхаттың басындағы жағдайға бей-жай қарамады. Ол кәсіпкер ұлы Саянмен бірге Ерхатқа Сарқан қаласынан жаңа үй сыйлады.   баспана, үй, жалғызбасты әке,

«Үй жылы әрі кең, енді балаларым бұрынғыдай тар жерде қысылып-қымтырылмайтын болды. Қуанышымды сөзбен айтып жеткізе алмаймын. Өз үйің, бау-бақшаң болғанға не жетсін! Енді біздің өз баспанамыз бар. Жақында отбасымда тағы бір үлкен қуаныш болды. Немерем дүниеге келді – мен ата болдым! Міне, жаңа 2021 жыл осындай жағымды жаңалықтармен басталды», – деп көпбалалы әке Ерхат Тохтаров қуанышымен бөлісті.

«Осы үлкен де тату отбасы балаларының болашағы жарқын болсын деп шын жүректен тілеймін. Бір отбасыға қуаныш сыйлаған осы іске өзімнің үлес қосқаныма өте қуаныштымын. Облыстық мәслихаттың депутаты ретінде жұмысымды осындай игі іспен бастағанымның өзі маған жігер береді. Халықпен бірге, Nur Otan партиямызбен бірге тұрғындардың мәселесін шешуге көмектесу, туған жерім Сарқан ауданын көркейту үшін қолымнан келгеннің бәрі жасаймын», – деді Руслан Қожасбаев.

Бұған дейін Қазақстан халқы вагонда тұрып келген көпбалалы әкеге 5 бөлмелі үй алып бергенін жазған болатынбыз.