Бүгін Қордай оқиғасына тұп-тура бір жыл. Есепті кезең ел есінде несімен қалды? Ұлттар мен ұлыстар бірлік пен ынтықмақтың қадірін ұғына алды ма? Қазынадан қаралған миллиардтаған қаржы қайда жұмсалды? Тұрғындардың тұрмысы түзеліп, әлеуметтің әлеуеті қаншалықты артты? Көкейдегі сауалдарға жауап таппақ мақсатта аталған ауданға арнайы ат ізін салып, бәрін көзбен көріп қайтқан едік. Былтыр ауданның әлеуметтік жағдайын жақсарту үшін бюджеттен 35,1 миллиард теңге бөлінді. Аталған қаржы толықтай тетігін тапты деуге негіз бар. Себебі қақтығыс болған ауылдарға 70 жыл күткен көгілдір отын кірсе, сондай-ақ ауызсудың құбыры да жүргізілген. Ауылішілік жолдар тақтайдай тегіс болып, тұрғындар үшін коммуналдық және көпқабатты баспаналар бой көтерген. Одан бөлек, қираған үйлер мен әлеуметтік нысандар қалпына келтіріліп, ауылдардан спорт алаңшалар мен мәдениет үйлері ел игілігіне қызмет көрсетуде. Небәрі 1 жылдың ішінде жасалған мұндай ауқымды жұмыс қандай мақтауға да лайық. Енді өткен жылдың өлшеміндегі тірліктерге жеке-жеке тоқталып, бұқараға бергенін боямасыз жеткізсек.
Жас жеткіншектер спортты жанына серік етіп жүр
Әлжан ана ауылы бұған дейін де күрделі құрылыс жұмыстарын көріп, жаңаша кейіпте жаңғырған болатын. Енді міне мұнда былтыр спорттық-сауықтыру кешенінің кірпіші қаланып, ауыл балаларының асыл арманы орындалуда. Спорт кешені директорының міндетін атқарушы Самат Аманбаевтың сөзіне сүйенсек, мұнда қазір 120 бала футбол, валейбол, еркін күрес, каратэ және таеквондо сынды 5 спорт түрі бойынша жаттығуда екен. Балалардың бабын 5 бапкер тегін баптауда. Таңертеңнен кешке дейін үйірмелер жұмыс істесе, 18.00-ден кейін спорт кешенінің есігі ауыл тұрғындарына ашық. Кез келген ауыл азаматы кешенге келіп доп теуіп, спортпен шұғылдана алады.Көмір жағып қиналған халықтың, газ кіріп көзі ашылды
Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына орай Қордай ауданындағы 22 елді мекенге газ тартылып, 11 миллиард теңге игерілген болатын. Нәтижесінде тұрғындарды көгілдір отынмен қамту көрсеткіші 95 пайызға жеткен. Мұндай қуанышқа кенелгендердің қатарында Өтеген ауылының тұрғыны Берік Байековтің де әулеті бар.Бір мектепте 1188 дүнген қазақ тілінде сауат ашып жатыр
Естеріңізде болса, Қордай қақтығысынан кейін мемлекеттік тілге қатысты көптеген мәселе айтылды. Сын тезіне мектептерден бастап, ұстаздар мен ата-ана да ілікті. Алайда бүгінде жағдай түбегейлі өзгерген. Қазақ тіліне деген құрмет еселеніп, бір мектептің өзінде 1000-нан аса өзге ұлт өкілінің балалары мемлекеттік тілді меңгеруде. Міне, сондай білім ордасының бірі – Ауқатты ауылындағы №9 мектеп көпке үлгі болып отыр. Мектеп директоры Назира Тамабекованың айтуынша, былтырдан бастап 1188 дүнген балалары қазақ тілінде сауатын ашып жатыр екен. Өзге ұлт өкілдері ұлы Абай өлеңдерін жатқа айтты
Қордай ауданына қарасты Сортөбе ауылында қоныстанған қазақ ұлты некен-саяқ. Мұндағы тұрғындардың дені дүнгендер. Десе де, мұнда бүгінде №18 қазақ мектебі ашылып, дүнген балаларға мемлекеттік тілді үйретуде. Мектеп қабырғасында дәл қазір 650 дүнген баласы қазақ тілінде білім алып жатыр. Ал оларға тәлім беріп жатқан жас маман Цимердан Лахметованың өзі де дүнген ұлтынан болса да, мемлекеттік тілді жетік меңгеріп алған.
– Қазақ тіліне деген қызығушылығым 2004 жылы оянды. Содан тіл үйренуге бар күшімді салып, колледж бен университеттің де қазақ тобына құжаттарымды тапсырдым. Нәтижесінде мемлекеттік тілде мүдірмей сөйлейтін болдым. Қазақ тіліндегі құжаттар бойынша да сауатым жақсы. Өзімнің білгенімді балаларға үйрету үшін осы мектепке ұстаздыққа келдім. Қазақ тілінен бөлек, ағылшын тілінен де сабақ беремін. Балалардың қабылдауы өте жақсы. Бірер айда қазақ тілін меңгеріп кетіп жатқан оқушыларымыз да аз емес, – дейді Цимердан.Ұстаздың сөзі дәлелді екеніне біз бірден көз жеткіздік. Олай дейтініміз сабақта отқан 9 сынып оқушылары бірінен кейін бірі тұрып, мемлекеттік тілде сайрап жүріп берді. Мәселен Шербана Руф есімді оқушы «Тәуелсіздік тәтті ұғым таңдайдағы» деп Елбасының сөзін келтіре отырып, өзінің қазақ жерінде туғанын мақтан тұтатындығын айтса, Замира Дшырова Ұлы Абайдың «Сенбе жұртқа тұрса да қанша мақтап» атты өлеңін жатқа оқыды. Аз уақытта ұстаздардың жасаған осындай толайым тірлігіне таңдай қағып, біз тек олардың алдағы жұмысына сәттілік тіледік.
58 имам мемлекеттік тілді меңгеріп жатыр
Сортөбе ауылында былтыр «Имамдар үйі» ашылғанын ел жақсы біледі. Қордай ауданына сапарымыздың барысында аталған дін өкілдерінің үйіне де арнайы ат басын бұрдық.Бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай...
Былтыр Қордай ауданында ауызсу, газ, жол мәселері шешіліп қана қоймай, ауылдардан шағын спорт алаңшалары да ашылды. Біз елді мекенде жүрген сапарымыз кезінде Масаншы ауылынан бой көтерген спорт алаңда жергілікті тұрғындар арасында футболдан өтіп жатқан турнирдің үстінен түстік. Ойыншылардың айтуынша былтардан бері мұндай жарыстар тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді екен.– Ауылымыздан осындай тамаша спорт алаңшасын салып берген Үкіметке алғысымды айтқым келеді. Одан бөлек былтырдан бастап елді мекеннен теннис корты, күрес залы сынды үйірмелер ашылуда. Біз өзімізге мемлекет тарапынан бөлінген көңілді сезіндік. Сондықтан ауызбіршілігімізді сақтап, осы алаңда спортпен шұғылданып келеміз. Алаңшаның есігі әрдайым ашық. Ал футболдан өтетін жарыстарға Қаракемер ғана емес, Бұлар батыр, Ауқатты, Сортөбе, Өтеген сынды ауылдардан да командалар келіп жатады. Спорт бәрін біріктіретіні белгілі. Футбол сүйер азаматтар осы алаңға келгенде бәрін ұмытып, қазақ-дүнген деп бөлінбей, бір командада доп теуіп жүрміз, – дейді Ислам Дувмар.
Қақтығысқа ешбір ұлттың кінәсі жоқ
Масаншы ауылындағы жастардың осындай футбол ойынына сүйсініп қарап тұрған сәтімізде көзіміз алаңша маңындағы орындықта отырған қарияға түсті. Жақындай келіп саулық сұрассақ, Дыдыр Двумаров есімді ауыл тұрғыны екен. Ол бір жыл бұрынғы қақтығыстан кейін Масаншы ауылында бейбітшілік орнап, жастардың шат күлкісі естілгенін ойлап, көз жасын жасыра алмады. – Құдай қайта басқа салмасын. Ондай күнді енді көрмейік, – деп бастады қария әңгімесін. – Ақпан айындағы оқиғаға ешбір ұлттың кінәсі жоқ. Бұл қазақ-дүнген қақтығысы емес, базбіреулердің саяси ойыны болды. Ауыл тұрғындарының арасында туындаған түсінбеушілікті теріс пайдаланып, ағайынның арасына іріткі салды. Сол күні мен оқиғаның бел ортасында жүріп, жастарды сабырлыққа шақырдым. Алайда айтақтаушылардың кесірінен жастар тіл алмады.Үкімет 9,5 миллион теңге шығынын өтеп берді
Қордай қақтығысында ең көп зардап шеккен Масаншы ауылы болғаны белгілі. Мұнда үйлермен қоса, әлеуметтік нысандар да өртке оранып, есік-терезелері қирады. Сол бір ақпандағы оқиғада Рабия Жинлированың екі сауда нүктесі мен асханасы өртеніп кеткен.Көпбалалы ананың көптен күткен қуанышы
Қаракемер ауылындағы игілікті іс – былтыр жаңадан салынған 20 коммуналдық пәтер көпбалалы, аз қамтамасыз етілген отбасылар мен «Дипломмен ауылға» келген жас мамандарға берілді. Баспана қуанышына кенелгендердің бірі Гүлнұр Сабырова басына қонған бағына сенер емес.65 дүнген Отан алдындағы борышын өтеуге аттанды
Міне, Қордай ауданы бір жылдың ішінде осылайша адам танымастай өзгерген. Ақпандағы қақтығысты қара халық ұмыта бастаған. Бәрінің тілеуі бірлік. Бір жыл бұрынғы оқиғаның енді қайталанбауын қалайды.Саятхан САТЫЛҒАН, Жамбыл облысы