«Қазақ қоғамы харассментті қылмыс қатарына жатқызбайды» – Аяжан Ойратова
«Қазақ қоғамы харассментті қылмыс қатарына жатқызбайды» – Аяжан Ойратова
210
оқылды

Қазақстандықтар билік назарын «жыныстық бопсалау» мә­се­лесіне аударды. Бастама көтерген – Құқықтық саясатты зерт­теу орталығы. Заңнамада жыныстық бопсалағаны үшін, қырын­дап тиіскені үшін жеке бап жоғы мәселе көтеруге себеп болып отыр. Қазір орталық мамандары петицияға қол жинап жатыр. Ха­лықаралық заңгер Аяжан Ойратованың айтуынша, елімізде ха­рассментке заңмен тыйым салынса, зорлық-зомбылықтың ал­дын алуға болады. Иә, бұл сөз біздің қоғамға 2017 жылы #Me­Too қозғалысы басталғаннан кейін енді. Тарқатып айтсақ, Гол­ливуд актрисалары әйгілі продюсер Харви Вайнштейнге ха­рассмент жасады деп айып тағып, интернетке #MeToo хэш­те­гімен оқиғасын жариялады. Осыдан кейін адамдар әлеуметтік же­ліде аталған хештегпен басынан өткен харассмент оқи­ға­ларымен бөлісіп, жыныстық бопсалау мен жыныстық зорлық-зом­былыққа қарсы қозғалыс бастады. Жалпы, харассмент де­геніміз не? Харассментке қарсы заң не үшін қажет? Осы және өз­ге де сұрақтарға Шығыс Англия университетінің магистрі, ха­лық­аралық заңгер Аяжан Ойратова жауап береді.

– Жалпы, харассмент дегеніміз не? Бұлай сұрауымызға себеп – елі­мізде «харассмент – кемсіту» деп тү­сінетіндер бар. – Дұрыс айтасыз, қоғамда әр­түр­лі пікір бар. Алдымен, тер­мин­­нің қоғамдық сипатын ашып сал­­­сақ. Өйткені харассмент пен «жыныстық бопсалау» бір ұғым. Шетелде харассмент – ол ха­рассмент. Ал Ресейде ха­рас­­смент­­ті «сексуальное домо­га­те­­льство» деп аударған. Бірақ мұ­ны әлі заңмен бекіткен жоқ. Со­дан кейін бізде сұрақ туды. Әлем­дік стандарт бойынша ха­рассмент деп қалдырамыз ба, әлде «жыныстық бопсалау» деп ау­да­ра­мыз ба? Осылайша, екі атау да қол­даныста жүр. Харассмент –адамның намысы мен қадір-қа­сиетіне қол сұғып, құқын бұзу және кемсіту, жыныстық қатынасқа тү­суге шақыру. Егер біреу сіздің де­неңізге рұқсатсыз қол тигізсе, сек­суалдық сипаттағы басқа да ауыз­ша немесе физикалық күш қол­данса, құшақтап, иіскесе, бұл – харассмент. Жұмысқа тұрғанда, жа­лақы көтергенде немесе қыз­мет­тік баспалдақпен өсу кезінде сек­суалды қызмет көрсетуді ұсын­­са, демек сіз «жыныстық боп­­­салаудың» құрбанысыз. Жұ­мыс­­та бастығыңыз кешкі асқа ша­қырып қылмыңдаса, жыныстық қа­тынасқа түсуге шақырса, жұ­мыс­тан шығарып жіберемін деп қорқытса да, «жыныстық боп­салау» деп түсі­ніңіз. Таксиде мүл­дем танымайтын адам денеңізге қол тигізіп, сексуалды әрекет жа­сау­ға шақырса да «жыныстық боп­салау» болып саналады. Тізімді шек­сіз жалғастыра беруге болады. Бі­рақ зорлау және ұрып-соғу ха­рас­с­мент­ке жатпайды. – Әлі күнге дейін Қазақстанда «жыныстық бопсалау» түсінігі заң­дастырылмаған. Не себепті? – Мүмкін бұл мәселені  халық қолдамағаннан болар. Одан кейінгі себеп биліктің Қылмыстық кодекстегі 123-бапты жеткілікті санауы деп ойлаймын. Әйелді зор­лау — қылмыс. Жыныстық боп­салау – зорлауға дейінгі қа­дам. Ауруын жасырған өледі. Сон­дықтан қарсы тараптан жоғарыда атал­ғандай іс-әрекет байқасаңыз, қысылып, ұялғаннан жасыруға тырыспаңыз. Өйткені кей жағдайда, зор­лау алдында харассмент ар­қылы әйелдерді жыныстық қа­ты­­насқа түсуге шақырады. Әйел келіспегендіктен, күштеп, түрлі қы­сым көрсете отырып зорлай­ды. Мұндай жағдайда зорлаудың ал­дын алуға болады. Бірақ жәбірлену­шілер ұялғаннан жасырып қа­лады. Ал халық харассментті діні­міз­ге, ұлтымызға, дәстүрімізге жат нәр­се деп санайды. Әрине, ол қа­зақ халқына таңсық, жат нәр­се болғанымен, мұндай құқық­бұзу­­шылықтар елде жоқ деп көз жұ­муға болмайды. Зорлау, әйел­дер­ді кемсіту кейінгі жылдары азай­май, керісінше көбейіп ке­ле­ді. Қазақстанда «жыныстық боп­салау» жайлы нақты термин бол­мағандықтан, адамдар өздерін қор­ғай алмай келеді. Иә, кей әрекеттер Қылмыстық ко­декстің 123-бабына, не Әкім­ші­лік құқықбұзушылықтар тура­лы кодекстің Ұсақ бұзақылық бап­тарына сәйкес фото-видео, хаттар сын­ды нақты дә­лелдемелермен ғана қор­ғалады. Біздің білуімізше, мұн­дай істер өте аз. Мәжілісте қа­ралған отбасындағы зорлық-зом­былықты тоқтату мақсатындағы өз­герістерді көпшілігі қолдамады. Әлеуметтік желілерде «баланы жә­не әйелді ұру – дәстүр» деп і­ліп әкеткендер жеткілікті. Бұл – Қазақстан қол қойған бірқатар ха­лықаралық құжаттарға қайшы ке­летін көзқарас. Қазақстан ха­лық­аралық құқық бойынша әр аза­маттың денсаулығына, өміріне, ар-ожданына зардабын тигізетін әрекеттерге тыйым салып, адам құқықтарын барынша қорғауға жағ­дай жасауы керек. Соның ішін­де харассментке тыйым салып, заң бұзатын адамдарды жауапқа тар­татын тетіктерді іске қосса деймін. Жы­ныстық бопсалау – зорлық пен суицидке апаратын алғашқы қа­дам екенін ескере отырып, Қыл­мыстық кодекске не Әкімшілік құ­қықбұзушылық туралы кодекске ар­найы бап енгізуіміз қажет. – «Жыныстық бопсалау» суи­цид­­ке әкелуі мүмкін дедіңіз, тарқа­тып айтып бересіз бе? – Харассменттің салдары зор­­­лыққа, тіпті адам өліміне, яғ­ни, суи­цидке әкелуі мүмкін. Зор­лан­ған не харассментке ұшыраған қыз-келіншектер мен еркектер пси­хикалық азапқа түседі. Мұн­дай адамдарда үнемі уайым, үрей, қорқыныш сезімдері серік бо­лып, өзін-өзі қорғау мақсатында па­ранойя пайда болуы мүмкін. Со­ның салдарынан адамдар ауыр психологиялық ауруларға шалды­ғып жатады. Ал енді олардың агрес­сор­лары жауапқа тартылмаса, тіпті ахуалы нашарлайды. Қазіргі таңда, айыпталушы Қыл­мыстық кодекстің 123-бабы бойын­ша  жазаланады. Бірақ іс жүзінде бұл бап өте әлсіз. Сон­дық­тан бөлек әрі нақты бап керек. 1998 жылдан бастап елімізде жы­ныс­тық бопсалау бойынша 88 дерек тіркелген. Сотқа тек 30 іс жі­бе­рілген, алайда бірде-бір айып­талушы бас бостандығынан айыру жазасына кесілмеген. 2020 жы­лы аталған бап бойынша тек бір іс қозғалған. Ал кез келген қыз-келін­шек­тен сұрасаңыз, жы­ныстық боп­салауға ұшырағанын ай­тып береді. Де­мек, жыныстық боп­салауға қа­тысты бөлек бап ке­рек. Осы орайда, Құқықтық сая­сат­ты зерттеу орталығы бір топ қа­зақстандық белсенділер мен заңгерлердің қолдауымен «Қазақ­стан­да жыныстық бопсалауға заң­намалық тыйым салу туралы» пе­­­тиция жарияладық. Президент Қа­сым-Жомарт Тоқаевты елдегі ха­рассмент мәселесіне назар ау­даруға шақырдық. Әзірге қол қой­­­ғандардың саны 480-ге жетті. Реак­­ция білдіргендердің басым көп­шілігі – қыз-келіншектер. Өкі­­нішке қарай, қазақ қоғамы ха­рас­сментті қылмыс деп қабылдай ал­май жатыр. – Орталыққа қоңырау шалып, басынан өткен жағдайлармен бөлі­се­тін­дер бар болар. Харассментке қа­тыс­ты сізді таңғалдырған оқиғаны баян­дасаңыз. – 2020 жылы ақпан айында Dequiin әншісімен түнгі клубта бол­ған жағдайды атап өтуге бола­ды. Яғни, Dequiin-ді білетін, та­ни­тын рэперлер оны сипалап, ха­рас­смент көрсеткен. Одан кейін біз полиция қызметкерінің әйелді жыныстық қарым-қатынасқа түсу­ге шақырғаны жайында естідік. Осыдан соң полиция қызметкері жұ­мысынан кетті. Біз құқық қор­ғау қызметкерінің мұндай әре­кет­ке барғанына таңғалдық. Мы­салы, өткен жылы желтоқсан айын­да Шиелі аудандық сотының су­дья­сы Гүлнұр Құрманбай өзіне сот төра­ғасы харассмент жасағанын ха­барлап, Жоғарғы сотқа шағым­дан­ған. Алайда Жоғарғы сот ша­ғы­мын қабылдаған жоқ. Себебі сот харассмент этика кодексіне қай­шы келмейтінін, жәбірленуші Қыл­мыстық кодекске сәйкес ша­­­ғымдануы тиіс деп шешті. Судья­ны кейін жұмыстан шығарды. Бұл жағдай көптеген сұрақ туғы­за­ды. Харассмент болса және ол этикалық кодекске қайшы кел­ме­се, неге судья өзі заңдарды бі­ле тұра полицияға хабарлаған жоқ? Әрине, біз осы жағдайға құ­­­қық­тық есеп бере алмаймыз, се­бебі бізде харассмент болғаны, не бол­­­мағаны жайлы еш дәлел жоқ. Алайда бұл жағдайға байланысты қо­рытындылар жасауға болады. Біріншіден, судьялардың ережелер мен ішкі іс жүргізу процесін егжей-тегжейлі білмеуі және дәлелдер жи­най алмауы. Екіншіден, біз­дің ойымызша, Қылмыстық ко­дек­стен және Әкімшілік құқықбұзу­шылық туралы кодекстен тыс судьялардың этикалық ере­же­леріне харассментке тыйым са­латын ережелерді енгізу керек. Одан тыс, Жоғарғы сот жұмыс ор­нында харассментті болдырмауға қа­тысты арнайы тренингтер ұйым­дас­тырмайтынын да көріп отыр­мыз. Елімізде харассмент жайында мәселе көтеретін әйелдерді агрес­сив­ті феминистер қатарына жат­қызады. Шын мәнінде, бұл жерде аг­рес­сия жоқ, тек өзін-өзі қорғау қа­­жеттілігі бар. Сондықтан өз қауіп­­сіздігін қамтамасыз ету үшін кү­­ресу сәті келді. Әрине, бұрын да бұл тақырыпта еркін сөйлейтін аза­маттар болды. Бірақ халық жіті мән бермей келді. Мәселен, 2015 жылы Анна Белоусованың харассмент жайлы кейсі болды. Мектеп ди­рек­­торы техникалық қызметкер бо­­лып істейтін Аннаны жыныстық қатынасқа түсуге шақырған. Ал әйел бұған келіспегендіктен бас­тығы жұмыстан шығарған. Бұл жағ­дай бойынша полиция іс қоз­ғамаған болатын. Соңында Анна Белоусова БҰҰ комитетіне ша­ғымданып, істі жеңген болатын. Аяжан Бұрын зорлаған адамдар  2-2,5 жыл­ға сотталып жатты. Тіпті, екі жақ келісімге келіп, зорланған қыз­ды күйеуге беретін жағдайлар кез­­­дескен еді. Қазір зорлаудың санк­циясын үлкейтті. Осы орайда «Не молчи» ұйымы үлкен жұмыс ат­қа­рып жатыр. Мұның өзі адамдар­дың көзқарасын өзгертуге үлес қоса- ды. – Құқықтық саясатты зерттеу ор­талығы туралы кеңірек айтып берсеңіз. –Қазіргі таңда орталық бірнеше жобаны жүзеге асырып келеді. 2020 жылы бейбіт жиналыстар жөнінде адвокаттарға арналған жалпы саны 5 тренинг өткіздік. Мигранттардың құқығын қорғауға байланысты жо­баның аясында мигранттар туралы әлеуметтік ролик түсіріп жа­тырмыз. Жоспарымызда осы та­қырыпта деректі фильм түсіру бар. Биыл Құқықтық саясатты зерттеу орталығы атынан жемқорлықпен күресу үшін комплаенс қызметін құру жайлы жазғы мектеп ұйым­дас­тыруды жоспарлап қойдық. Мектеп эпидахуалға байланысты оффлайн немесе онлайн форматта өтеді. Ішкі істер министрлігімен бір­лес­кен пилоттық жобамыз бойын­ша бір учаскені алдық. Полиция қыз­меткерлерінің жұмысын өзгер­ту­ге күш саламыз. Тренинг өткізіп, полиция қызметкерін мемлекеттік қызметкер ретінде емес, бірінші ке­зекте халыққа қызмет көрсететін сервис тұрғысынан көрсеткіміз келеді. Сонымен қатар әлеуметтік маңы­зы бар тақырыптарда под­каст жазамыз. Соның аясында, харас­с­мент тақырыбын кеңінен ашатын бір­неше сұхбат беруді жоспарлап отыр­мыз. Харассментпен күресуді кү­шейту үшін жоғары оқу орындары жә­не ірі компаниялармен келісімге келу маңызды. Өйткені үлкен ком­­­паниялар харассменттің не еке­нін жете түсініп, этикалық кодек­стері­не енгізсе, кейін азаматтар ішкі ко­декске сүйеніп сотқа жүгіне алады. Мұндай мүмкіндік тудыру – міндет, оның нәтижесі кейінірек көрінеді. – Егер жаңа бап енгізілсе, демек арыз­данушылар саны да көбейеді. Онсыз да үлкен жүктемемен жұмыс іс­теп отырған сот жүйесі жаңа іс­тердің ағынын көтере ала ма? – Харассментті зорлаудың ал­дын алатын бап деп қарастырсақ, құ­қық қорғау органдарының жұ­мы­сы бірнеше есе көбейеді деп айта алмаймыз. Керісінше, зорлау бойынша істер азаюы мүмкін. Егер нақты дәлелдер, аудио не­ме­се видео жазбалар, жеке хабар­ла­малардың скриншоттары, куә­герлер болса, әрине сот жүйе­сін­де істер қозғала бастайды. Дә­­­лелдемелер болмаса, мұндай іс­тер сотқа дейін жетпейді. Бұл мәселеге байланысты тағы бір фактор бар. Қазақстанда әйелдер қауы­мы Еуропа немесе Аме­рика­дағы әйелдер сияқты ба­тыл емес. Көпшілігі жұмысынан айырылып қалудан немесе жеңілтек болып кө­рінуден қорқады. Сондықтан арыз берушілер саны бірден өседі деп ойлаймын. Біртіндеп бұл тер­мин адамдардың санасына сіңіп, өзгерістер байқалатын бо­лар. Неліктен қазақ әйелі «ма­ған харассмент жасады» деп ша­ғымданудан қашады? Өйткені ай­­­наласындағылар «Тана көзін сүзбесе – бұқа жібін үзбейді» деп айып­тайды. Содан әйелдер құқық қорғау органдарына жүгінуден қор­қады. Жыныстық бопсалаудың құрбаны болған әйелдерге батыл түр­де арыз жазып үйреніңіздер де­гім келеді. Себебі үндемеу арқылы сіз өзіңізге қауіп төндіресіз, со­ны­мен қатар агрессор жазаға тар­тылмағандықтан, басқа адамдар да оның құрбаны болуы мүмкін. Ал әкелеріңіз, ағаларыңыз, дос­­тарыңыз сізді жұдырықпен қор­ғай­мын деп, жасаған әрекеті үшін жауапқа тартылуы мүмкін. Сон­дықтан харассментке ұшыраған жәбірленушілер полицияға ха­барлап әділдік орнатуды талап ету­лері тиіс. Бұл әркімнің азаматтық боры­шы деп есептеймін. – Халық харассмент ұғымын тереңірек түсініп, қолдауы үшін қан­дай шара қолдану қажет деп ой­лайсыз? – Заң қабылдаудан басқа, бұ­қаралық ақпарат құралдарында харассмент жайында көбірек ақ­парат тарату керек. Қазақтілді ме­диада «Бәленше тоқал алып жа­­тыр», «Түгенше тоқал алуды қол­дады» деген сыңайлы саржағал ақпарат таратуды тоқтатқан жөн. Себебі мұндай ақпарат адамның ар-ожданына кір келтіріп, намысына тиеді. Әйел адамға өзін тең құқықты азамат ретінде сезінуіне кедергі келтіреді. «Сізді біреу тоқал болуға ша­қырса, бұл харассмент пе?» де­ген сұрақты жиі естіп жүрмін. Елі­міздегі ер-азаматтар қауымы мұны харассментке жатқызбайды. Менің ойымша, бұл – харассмент. Ал Қа­зақстанның заңнамасында тоқал ұғы­мы да, көп әйел алушылық та, әмең­герлік те жоқ.

Сұхбаттасқан Айзат АЙДАРҚЫЗЫ