Бір айда 506 қайыршы...
Бір айда 506 қайыршы...
5,220
оқылды
Шымкентте бір айдың ішін­де 8 000-ға жуық құқықбұзу­шылық әрекет тіркеліпті. Бұл туралы Шымкент қалалық По­ли­ция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Бұл құқықбұзушылықтар По­ли­ция департаменті басшысының бұйрығына сәйкес, 13 қаңтардан бас­тап ұйымдастырылған «Таза қала» іс-шарасында белгілі бол­ған. Іс-шара аясында қала аума­ғын абат­тандыру кезінде тәртіп бұзған және инфрақұрылым объек­тілерін ластаған, жасыл екпе­лерді жойып, бүлдіріп, күл қоқыс тастап, сондай-ақ қоғам­дық орындар мен көшеде тәртіп бұзғандар ұсталған. Сонымен қатар іс-шара ба­рысында шымкенттік поли­цей­лер қайыршылар мен үй-күйі жоқ қаң­ғыбастарды қабылдап, олар­ды орналастыру, әкімшілік шара­лар қолдану, есепте тұрған тұлға­ларды мекенжайы бойынша тек­­серу, іздеуде жүрген тұлға­ларды ұстау, автокөлік жөндеу орын­дары мен темір қабыл­дай­тын орындарды тексеру жұмыс­тарын жүргізген. Нәтижесінде, осы уақытқа дейін белгілі болған 7 892 құқық­бұзу­шылықтың 1 694-і қоқыс тас­тау дерегіне қатысты болса, 685 адам ком­­­муналдық қалдық­тарды тас-т­ау кезін­де  құрыққа ілінген. Үшінші мегаполисте 1 айға же­­тер-жетпес уақытта 506 қайыр­шы­лықпен айналысып жүрген адам ұсталған. Жалға берілетін 2 980 пәтер тексеріліп, карантин ре­жимін бұзған 722 нысан белгілі бол­ған (Әсіресе, соңғы кездері бір­неше танымал тойханада өтіп жатқан той-жиын тоқтатылды). Ішкі істер органдарының есе­бінде тұр­ған 5 516 тұлға мекен­жайы бо­йынша тексеріліп, По­ли­ция бас­қармаларына 4 611 тұлға жеткізіліп­ті.

Н.НАЗАРБЕК, Шымкент қаласы