«Жошы хан» тарихи-мәдени кешені аяқталуға жақын
«Жошы хан» тарихи-мәдени кешені аяқталуға жақын
378
оқылды

2020 жылы сыртқы туризм жа­былғанда ішкі туристік бағыттарды дамытудың өзектілігі артты. Қара­ғанды облысы – бірегей туристік әлеу­етке ие аймақ. Инфра­құрылым­ды, ақпараттандыру саласын заман­ауи стан­дарт­тарға сәйкес­тендіру –  осы жылдың әлеуетті міндеті.

«Биылдан бастап біз перспективті жо­балар үшін преференциялары бар жайлы туристік аумақтар құру жөніндегі жұмысты күшейтеміз. Бізде Балқаш (ТОП-10), Қарқаралы және Ұлытау (ТОП-50) - 3 туркластер бар. Балқаш курорттық аймағын дамытудың шеберлік-жоспарына сәйкес, бюджеттік және жеке құйылатын инвестиция сомасы 30 млрд теңге шама­сында. 2020 жылы «Жұмыспен қамту жол картасы»  арқылы Алматы–Екатеринбург тасжолынан  Тораңғалық және Шұбартүбек кенттерінің автомобиль жолдары мен жалпы ұзындығы 9,4 шақырым кентішілік жолдарына орташа жөндеу аяқталды. Сонымен қатар жыл соңына дейін ұзын­дығы 360 шақырым болатын төрт жолақты Қарағанды–Балқаш автобаны толық ашылады. Балқаш қаласының әуежайын қайта жаңғырту және Бертіс шығанағының туристік объектілеріне және Шұбартүбек және Тораңғалық кенттеріне коммуналдық ин­фрақұрылым құрылысы да  басталады. Сондай-ақ Балқаш қаласының қалалық жағалауын абаттандыру үшін ЖСҚ әзір­ленуде. Жеке инвестициялар есебінен 9 жаңа демалыс аумағының құрылысы бас­талады. Жағалауда  туристік инфрақұрылым үшін тағы 60 гектар бос жер резервте», – дейді облыс әкімі Жеңіс Қасымбек. Өткен жылы Ұлытау ауданында «Визит-орталық»  10 нөмірлі қонақ үй кешені бар туристік орталық құрылысы аяқталды. Жез­қазған, Сәтбаев және Ұлытау өңір­лерін­дегі жол инфрақұрылымы жақ­сартылды, онда 230 шақырымға  жөндеу жүргізілді. Биыл Ұлытауда Жошы ханның мүсіндік композициясы мен экспозиция­лық залы бар «Жошы хан» тарихи-мәдени кешенінің құрылысы аяқталады. Кешен Ұлытаудың киелі жерлеріне келетін турис­терді тартатын орынға айналады. Қарқаралы ауданында туристерді тарту мақсатында  ұлттық парк аумағында 11 ту­ристік маршрут іске қосылды, 54 ша­қырым жол жөнделді. Қонақтарды 30-дан астам мейманхана, демалыс орны, қонақ үй және тағы басқалары  қабылдауға дайын. Осы жылы тағы да 5 демалу аумағын ашу көз­делуде. Оның инвестициясы 1 млрд теңге шамасында. Пандемияға байланысты ішкі туризмді дамыту және туристік лекті  10 есе (2025 жылға қарай)  арттыру үшін барлық мүм­кіндік қолданылуда. Елбасы саясатының негізінде Қара­ғанды облысында қазақстандық әуе ком­паниялары  ел ішінде  әуе қатынастарын кеңейтуде. Облыста 10 әуемаршруты қыз­мет көрсетеді, оның 2-еуі  – халықаралық, 7-еуі – облысаралық және облысішілік – 1  ба­ғыт. Осы жылдың наурыз айында FlyArystan әуекомпаниясы Шымкент және Атырау қалаларына қайта ұша бастайды. Желтоқсаннан бастап «Қарағанды-Жезқазған» әуемаршрутының ұшу жиілігі аптасына үштен төрт ретке дейін ұл­ғайтылды және тариф 12 мыңнан 10 мың теңгеге дейін төмендетілді. Балқаш қаласы  әуежайының  ұшу-қону жолағына күрделі жөндеу аяқталды. Жақын арада аэровокзал ғимараты мен перронды  қайта жаңғырту жоспарланған. «Нұрлы жол»  бағдарламасы аясында Қарқаралы және Ұлытау аудан­дарында шағын авиация әуежайлары  құ­рылысының ТЭН-ін дайындау  аяқталды. Пандемияға байланысты Қарағанды облысында енгізілген шектеулерге орай, тасымалданатын жолаушылар саны 64%-ға төмендеді, жолаушылар айналымы 70%-ға қысқарды. Дегенмен облыста жолаушылар тасымалы саласын дамыту назардан тыс қалған жоқ. Алдағы 2-3 жылда ескірген қоғамдық көліктерді  кезең-кезеңмен жа­ңарту міндеті тұр. Биыл мемлекеттік қолдау тетіктері есебінен облыс орталығының та­сымалдаушылары –  60  және Теміртау қа­ласының автокәсіпорындары 75 автобус сатып алады. Автобустар  бірінші жарты­жылдықта жеткізіледі деп күтілуде. 2020 жылы «Нұрлы Жол», «ЖҚЖК» және «Ауыл –  ел бесігі» бағдарламасы негізінде  2 мың шақырымнан астам жалпы пайдаланымдағы жолдарды жөндеу жұ­мыстары аяқталды. Оның 1 200 ша­қырымы – жергілікті маңызы бар жолдар. Жөндеу жұ­мыстарына 10 мыңға жуық адам, 4 мың­нан астам техника жұмылдырылды. Аймақта «Қызылорда–Жезқазған» кө­лік жолының мәселесі өзекті. ИИДМ ЖСҚ әзірленді, қаржыландыру көзі анық­талған­да жол құрылысы басталады. Республика­лық маңызы бар «Қарағанды–Балқаш» және «Балқаш–Бурылбайтал» автомобиль жолдарының учаскелерін «Орталық–Оң­түстік» көлік дәлізінде қайта жөндеу  жал­ғасуда. 2021 жылдың соңына дейін бұл учаскеде жол құрылысы толық абаттан­дырылып, аяқталады. Пандемия зардаптарын еңсеру үшін мемлекет кәсіпкерлік субъектілеріне қол­дау көрсетуде дағдарысқа қарсы шаралар қабылдады. 2020 жылы «Бизнестің жол картасы–2025»  бағдарламасын жүзеге асыру­ға 2,8 млрд теңге бөлінді. Бұл қара­жатқа 421 бизнес жобасына субсидиялар, кепілдіктер, гранттар және инфрақұрылым берілді, бұл 2019 жылмен салыстырғанда 46%-ға көп. Жобалар өңдеу өнеркәсібін, құрылысты, сауданы, денсаулық сақтау және білім беру саласындағы қызметтерді, қонақ үй бизнесін және т.б. дамытуға ба­ғытталған. Нәтижесінде  561 жұмыс орны ашылды. «Қарапайым заттар эко­номика­сы» жобасы бойынша 2020 жылы АӨК, тамақ, жеңіл, өңдеу өнеркәсібін да­мытуға бағытталған 114 жоба мақұлданды. Несие сомасы – 9,5 млрд теңге. «Еңбек»  нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» бағдарламасы бойынша 1 187 несие  берілді, оның 92%-ы ауылдық жерге бағытталды. Жобалар мал және өсімдік шаруашылығын, қызмет көрсету саласын дамытпақ. Өз ісін ашуға жас кәсіпкерлерге, көпбалалы аналарға және азаматтардың басқа да са­нат­тарына 1,135 млрд теңге көлемінде 1 871 грант берілді. Экономиканың зардап шеккен секторларын қолдауға бағытталған ШОБ-ты жеңілдікпен несиелеудің жаңа бағдарламасы бойынша 25,1 млрд теңгеге 111 несие  берілді. «ҚР Президентінің тапсырмасымен ЖАО мен квазимемлекеттік секторға тие­сілі жылжымайтын мүлікті жалға берудің 1 289 шарты негізінде  125 млн теңгеге төлемақы есептеу тоқтатылды. 4 800 кәсіп­кер жалға беруден босатылды немесе 40% жеңілдікпен жалға алды. 300 кәсіпкерге  несиесін, негізгі қарызын және пайыздарын  екінші деңгейлі банк кейін төлеуге рұқсат берді», – дейді аймақ басшысы. Қарағанды облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік іске асыру аясында 2020 жылы жалпы сомасы 3,8 млрд теңгенің 8 шартына қол қойылды. Аталған жоба­лардың барлығы жеке қаржылық бастама негізінде және мемлекеттік міндеттемелері жоқ. Бұл бағытта көштің басында ден­саулық сақтау саласы тұр. Онда жалпы 3,8 млрд теңгеге 7 шарт жасалды. Қарағанды қала­сында клиникалық-диагностикалық зертхана, Теміртау қаласында Балаларды оңалту инклюзивті орталығы, сәулелік терапия орталығы, Қарағанды қаласындағы Степной-2 шағынауданында және Балқаш қаласындағы  З.Сәбитова атындағы  ша­ғын­аудандағы емханалар, Осакаров, Абай, Қарқаралы ауданында гемодиализ орта­лықтары ашылды, сондай-ақ ауылдық ден­саулық сақтау объектілерін интернетке қолжетімді ету үшін деректерді берудің спутниктік арналарымен қамтамасыз ету жобасы іске асырылуда. Маусым айында Шахтинск қаласында 10 млн теңгеге 25 орындық балабақша ашу жөнінде  шартқа қол қойылды. Салалық мемлекеттік орган­дар мен аудан, қала әкімдіктерінің ұсыныс­тары негізінде ай сайын МЖӘ жобалары­ның пұлы қалыптастырылады. Бүгінде ол 6 салада  28 жобаны қамтиды. 2021 жылы  22,6 млрд теңге сомасына 16 жобаны іске асыру міндеті тұр. «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 15 шақырымнан астам инженерлік желілер қайта жаңартылды. Қалалардың проблема­лық магистральдық жылу желілеріне ерекше назар аударылады. 378 шақырым су құбыры және кәріз желілері салынды және қайта жаңартылды. 923 қосалқы стан­саның 5 100 шақырым электр желілері жөнделді және жаңғыртылды. Жылу және электрмен жабдықтау саласында 11,7 млрд теңге сомасына 12 инфрақұрылымдық жоба іске асырылды. Саран қаласының орталық қазандығының құрылысы қайта бас­талды және Шахан кентінде орталық қа­зан­дықтың құрылысы бойынша жұ­мыс­тар жалғастырылды. Сондай-ақ «Жұ­мыс­пен қамтудың жол картасы» бағдар­ламасы бойынша 22 шақырым жылу желі­лерін ағым­дағы жөндеу бойынша шамамен 1 млрд теңгеге жұмыстар ат­қарылды. «Жұ­мыспен қамтудың жол кар­тасының» ірі жобаларының бірі  – Балқаш қаласының ЖЭО-нан «Қоңырат» шағын­ауданына дейін ұзындығы 34 шақырым жылу құ­бырын салу. 2021 жылы 12,3 млрд теңге сомасына 35 жобаны іске асыру, жыл қорытындысы бойынша 300 шақырымнан астам су құбыры және кәріз желілерін, 5,3 шақырым жылу желілерін салу және қайта жаңғырту жоспарланған. Облыс бойынша барлығы 94 саябақ, 234 гүлзар және 11 362 аула аумақтары бар. 2020 жылы 32 саябақ, 103 гүлзар және 268 аула аумағы абаттандырылды. Сондай-ақ «Жұмыспен қамтудың жол картасы» ая­сында 195 балалар және спорт алаңдары орнатылып, 1 050 контейнер алаңы салын­ды, оның ішінде 1 000 алаң Қарағанды қа­ла­сында. Көшені жарықтандыру тірек­терін орнату, көгалдандыру, жаяужолдарды, көппәтерлі тұрғын үйлердің кіреберіс жол­­дарын жөндеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Қарағанды облысында 204 мыңнан астам оқушы білім алатын  504 мектеп жұмыс істейді. 2020 жылы үш ауысымды оқыту мен апаттылықты жою мақсатында Жезқазған, Қарағанды қалалары мен Ұлы­тау ауданында 3 мектептің құрылысы аяқ­талды. Тағы 4 мектептің құрылысы жүр­гізілуде, оның ішінде 2 мектеп – апатты мек­тептердің орнына, 2 мектеп – үш ауысымды мектептердің орнына салынады. Жал­пы, облыс бойынша 13 білім беру нысанының құрылысы жүргізілуде: 4 мек­теп, 2 балабақша, 2 оқушылар сарайы, 4 жап­сарлас құрылыс, 1 жатақхана құ­рылысы жүріп жатыр. Өткен жылы апат­тардың алдын алу үшін облыстық бюд­жеттен және «Жұмыспен қамтудың жол картасы» және «Ауыл – ел бесігі» бағ­дар­лама­лары аясында 448 білім беру ны­санын жөндеуге 17 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді. Бұл – 2019 жылмен салыстырғанда үш есе көп. 2021 жылы 99 білім беру нысанына жөндеу жүргізу, жылыту қазандықтарын мектеп ғимаратынан шығару, МЖӘ аясында облыстың 23 мектеп-интер­наты­нда және облыс орталығының 5 мектебінде асханаларды жаңғырту бойынша екі жобаны іске асыру, барлық мектеп асхана­ларында қолма-қол ақшасыз есеп айырысу­ға кезең-кезеңімен көшу жоспар­ланды. 1 145 жаңа орын ашу есебінен 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтуды 84%-дан 84,4%-ға, оның ішінде жеке­меншік мектепке дейінгі ұйымдарда – 1 320-ға дейін ұлғайту, облыс орталығында 20 инклюзияны қолдау кабинетін, бір психологиялық-медициналық-педа­гогикалық кеңес беру, Қарағанды және Сәтбаев қалаларында 2 түзету кабинетін ашу, сондай-ақ жұмыс істеп тұрған арнайы ұйымдардың мамандар штатын ұлғайту міндеті қойылды. Қабылданған шаралар қосымша 1 мыңнан астам баланы оңалту көмегімен қамтуға мүмкіндік береді. 2020 жылы Денсаулық сақтауды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға кірісті. Басты назар профилактикалық медицинаны дамытуға бағытталады. МЖӘ тетіктері арқылы Қарағанды және Теміртау қалаларында 3 жаңа емхана, маммология­лық және эндоскопиялық орталықтар ашылды, оңалту орталықтарының желісі дамуда. Абай және Осакаров аудандарында бүйрек функциясының созылмалы жет­кілік­сіздігі бар пациенттер тұрғылықты жері бойынша гемодиализ сеанстарын алу мүмкіндігіне ие болды. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен резидентурада 370 дәрігер оқиды, олар жақын арада облыстың ауруханалары мен емханаларына жұмыс істеуге келеді. Ең сұранысқа ие мамандықтарға басымдық беріледі. 2021 жылы коронавирус ин­фекция­сымен сырқаттанудың ықтимал өсуі жағдайында денсаулық сақтау кәсіп­орындарының тұрақты жұмыс істеуін қамтамасыз ету, 10 денсаулық сақтау, оның ішінде инфекциялық бейін нысандарына күрделі жөндеу жүргізу, денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуды жалғастыру, оның ішінде жеке инвестицияларды тарту (позитронды-эмиссиялық томография орталығы (ПЭТ КТ), сәулелік терапия орталығы (желілік үдеткішті орнату)), №3 көпбейінді аурухананың (облыстық онко­логиялық диспансер) операциялық-реанимациялық блогын салу, облыстық балалар ауруханасының (200 төсектік), жедел медициналық жәрдемнің екі қо­салқы стансасының құрылысын аяқтау көз­­­деліп отыр.

Ләззат ҚОЖАХМЕТ, Қарағанды облысы