Astana LRT құрылысы жалғаса ма?
Astana LRT құрылысы жалғаса ма?
3,909
оқылды

Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты.

«LRT құрылысы – өзекті мәселе. Пандемия кезеңінде оның құрылысын жалғастыру мәселесі тоқтап қалған еді. Өйткені Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінен ғана емес, сонымен бірге халықаралық банктерден де сыртқы займ тарту қажет болды. Қазіргі уақытта бұл жұмыс қайта жанданды. Банктерден қаражат тарту қажет», – деді Алтай Көлгінов.

Ол LRT-ның аяқталмаған нысандары қала көркін бұзып тұрғанын айтты. «LRT-ға бұған дейін қомақты қаражат жұмсалды. Сондықтан LRT-ны салуды жалғастырамыз. Бүгінде банктерден инвестиция тарту бағытындағы жұмыс істеп жатырмыз», – деді Көлгінов.

Бұған дейін экономист LRT құрылысына кеткен шығын туралы айтқан болатын.