Таразда жұмысшылар арықты тазалап жатқанда адамның мәйіті табылды
Таразда жұмысшылар арықты тазалап жатқанда адамның мәйіті табылды
116
оқылды

Тараз қаласы Полиция басқармасына жергілікті тұрғыннан «Қарасу» мен «Жансая» ықшамауданы аралығында арықтың жағалауынан адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.

Облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, полицейлер оқиға орнына шұғыл жетті. Жедел-тергеу тобының қызметкерлері арықтан мәйітті алып шықты. Хабар берген қала тұрғыны «Жасыл ел – Тараз» мекемесінде жұмыс істейді. Ол арықты тазалап жатып, қамыстың арасынан адамның мәйітін көріп, тез арада полицейлерді шақырған.

Мәйітке қатысты мән-жайды анықтау үшін сараптама жүргізіледі.