Азаматтарға арналған үкіметтің басқарушы директоры тағайындалды
Азаматтарға арналған үкіметтің басқарушы директоры тағайындалды
208
оқылды

Ол осыған дейін Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусиннің штаттан тыс кеңесшісі қызметін атқарған. Бұл туралы zakon.kz жазды.

Байрам Азизов 1987 жылы 15 мамырда дүниеге келген. 2008 жылы Абай атындағы Қазақ педагогикалық университетін «Орыс тілі, ағылшын тілі және әдебиеті» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 2007 жылы «Бизнес и власть» баспасында сақтандыру нарығына қатысты тақырыптарда жазатын тілші болып бастаған. 2008 жылдан бастап 2010 жылға дейін БТА Банкінің сақтандыру компаниялары тобының (БТА Жизнь, БТА Забота, БТА Страхование) баспасөз хатшысы болып жұмыс істеді. 2010 жылдан бастап 2014 жылға дейін «Кар-Тел» ЖШС-да (тм Beeline) қоғаммен байланыс қызметін басқарып, Қазақстанда 3G желілерін құру ісін ақпараттандырудың бастауында болды, ел басшылығына 4G мүмкіндіктерінің алғашқы таныстырылымын өткізді. "Самұрық-Қазына" "ҰӘҚ" АҚ трансформациялау бағдарламасының қатысушысы болып, "Қазпошта" АҚ-да маркетинг, жарнама және PR департаментін басқара жүріп, компанияның өңірлік бөлімшелерімен өзара іс-қимыл процестерін қалыптастырды. Кейін «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ (қазіргі Отбасы банкіред.)  басқарма төрағасының сыртқы және ішкі коммуникациялар жөніндегі кеңесшісі болып жұмыс істеді, "Сбербанк Қазақстан" АҚ ЕК маркетинг және коммуникациялар басқармасын басқарды. 2019 жылдан бастап Нұр-Сұлтан қаласында бизнестің жаңа бағытын дамыта отырып, TAG media жарнама агенттігінің атқарушы директоры болды.