Астанада XIX ғасырдың әй­гілі теңіз суретшісі Иван Айвазовскийдің шығармашылығына арналған иммерсивті мультимедиалық көр­ме ашылды. Экспозиция бей­не, музыка және көркем баян­дау арқылы суретшінің шығар­машылық әлемін ашады.
Теңіздің тылсым бояуы
201
оқылды

Lumiere-Hall мультимедиялық музейінің әкімшісі Әнел Шағырованың айтуынша, көрме Айвазовскийдің шығармашылығын заманауи техно­логия­лар арқылы жаңа қырынан та­ныс­тырады. Айвазовский – теңіздің та­биғатын ерекше сезіне білген су­ретші. Ол теңізді табиғат аясында оты­рып емес, жадына сүйеніп бейнелеген. Соның арқасында теңіздің мінезі мен қуатын дәл жеткізе алған екен.

Экспозиция екі залдан тұрады. Бірін­ші залда Айвазовскийдің картина­лары, эскиздері және шығармаларына қатысты ақпарат ұсынылған. Екінші залда туындылар үлкен экрандарда мультимедиалық форматта көрсетіліп, көрерменге иммерсивті әсер сыйлайды. Бейне, музыка және дыбыстық сүйе­мелдеу біртұтас композиция құрайды. Соның нәтижесінде көрермен өзін теңіздің ортасында жүргендей сезініп, шығарманың эмоциясын толық қабыл­дай алады.

Мультимедиалық көрсетілім шама­мен бір сағатқа созылады. Бағдарламада суретшінің алғашқы туындыларынан бастап үздік шығармаларына дейінгі жолы мен әлемдік өнерге қосқан үлесі қамтылған. 

– Біз оның туған жері, шығарма­шылығына шабыт берген факторлар және кәсіби шыңға жету жолы туралы баяндаймыз. Бұл – суретшінің өмірі мен шығармашылығын жан-жақты таныстыратын жоба, – деді ұйымдас­тыру­шылар.

Иван Айвазовский өмірінде 6 мыңнан астам картина салған. Көрмеде кеңінен танымал туындыларымен қатар, эскиздері мен алғашқы нобай­лары да қойылған. Көрме тамыз айы­ның соңына дейін жалғаспақ. Экспо­зиция күн сайын сағат 11:00-ден 21:00-ге дейін ашық болады.

Музей әкімшілігі бұған дейін өткен Винсент ван Гогтың иммерсивті көрмесін 1 айда 30 мыңнан астам адам тамашалағанын мәлімдеді. Бұл жоба да көрерменнің жоғары бағасына ие болуы мүмкін.

Бұған бөлек, Ұлттық музейде де «Афинадан Астанаға дейін. Владимир Потанин коллекциясындағы Олимпиа­далық артефактілер» атты көрме ашыл­ды.

М.Жалғасұлы