«Биыл ақпанда ҚР ҚМА Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18% және өзге валютамен 6% мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тартқан» делінген хабарламада.
Аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып. Жәбірленушілер саны 180-нен асады.