Қарағандыда 180-нен астам адамды сан соқтырған қаржы пирамидасы анықталды
Қарағандыда 180-нен астам адамды сан соқтырған қаржы пирамидасы анықталды
133
оқылды

Бұл туралы Қаржы мониторинг агенттігі хабарлады.

«Биыл ақпанда ҚР ҚМА Қарағанды облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қаржылық пирамида қызметінің жолын кесті. Тергеудің алдын ала нұсқасы бойынша 2020 жылы ұйымдастырушы салым сомасының теңгемен 18% және өзге валютамен 6% мөлшерінде жыл сайынғы табыс алу шартымен 80 миллион теңгеден астам сомаға жеке тұлғалардың ақшалай қаражатын тартқан» делінген хабарламада.

Аталған факті бойынша ҚК-нің 217-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып. Жәбірленушілер саны 180-нен асады.