Карантинде нанды көп жеппіз
Карантинде нанды көп жеппіз
197
оқылды

Карантинде үйінде отырған қазақстандықтар нан, тоқаш, торт және ұннан жасалған басқа да өнімдерді көп тұтыныпты. Мысалы, 2020 жылы Қазақстанда ішкі нарықта тұтыну үшін барлығы 650 мың тонна нан өндірілді. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігі хабарлады. Тамақ өнімдерінің жекелеген түрлерін өңдеу мен өндіру көлемі артқан. Өйткені тұтыну көрсеткіші өсті.

Коронавирус пандемиясы жайлаған бір жыл ішінде Қа­зақстанда бидай глютені өндірісі 4,3 мың тоннадан 6,1 мың тон­наға дейін артып, шамамен 42%-ға ұлғайды. Өңделген күріш өндірісі де 166 мың тоннадан 200 мың тоннаға дейін жетіп, 20%-ға өсті. 2019 жылмен салыстырғанда былтыр  крахмал өндірісі 32,6 мың тоннадан 37,3 мың тоннаға, макарон өнімдері 168,3 мың тон­надан 178,8 мың тоннаға, кон­дитерлік өнімдер 237,9 мың тон­надан 244,2 мың тоннаға, ұн 3,27 млн тоннадан 3,32 млн тон­­наға, маргарин 62,4 мың тон­надан 63 мың тоннаға дейін өс­кен. Яғни, карантин жұрт­шы­­лықтың тамақ тұтынуына тікелей әсер еткені байқалады. Айтқандай, 2019 жылы 644,6 мың тонна піскен нан өндірілген екен. Алайда қайта өңделген және консервіленген жемістер мен жаңғақтар өндірісі 30%-ға (6,7 мыңнан 4,7 мың тоннаға дейін), жеміс және көкөніс шырындары – 21%-ға (74,8 мил­лионнан 59,2 миллион литрге дейін), тазартылған және та­зар­тылмаған өсімдік майы өн­дірісі 2,4%-ға (475-тен 464 мың тоннаға дейін) төмендеді.

Е.СЕНБАЙ