«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолы жүк көліктерінің салмағына шыдамай, жарылып жатыр
«Батыс Қытай – Батыс Еуропа» жолы жүк көліктерінің салмағына шыдамай, жарылып жатыр
338
оқылды

Жамбыл облысында жүк көліктерінің салмағынан жолдар бүлініп жатыр, – деп хабарлады «Хабар24» арнасы.

Кен орындарында ғана жүруге рұқсат етілген ауыр жүк таситын көліктер  қаланың көшелерінде де жүр. Соның салдарынан жуырда ғана төселген асфальт жолдар ойылып, ой-шұңқырлар пайда болған.

Өткен жылы жолдардың жағдайын тексеруге «Ұлттық жол активтері сапасы» орталығының мамандары 300 рет шығып, қажетті сынама алған.

Нәтижесінде, 92 талапқа сай келмеу дерегі анықталып, ескерту берілді. Алайда бүгінгі күнге дейін 11 нысанға қатысты мәселе әлі де шешілмей отыр. Тіпті соңғы үлгідегі технологиямен төселді деген «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автожолының өзі жерге кіріп, бүліне бастаған.

«Ұлттық жол активтері сапасы» орталығының мәліметінше, «Алматы –Ташкент – Термез» бағытындағы жолдың кей бөліктері бүліне бастаған. Мамандар мұны жолдардағы тиісті бақылаудың жоқтығынан көріп отыр.