Ұлттық ұлан сарбазы көшеде көмек сұраған бейтаныс қызды бұзақылардан қорғады
Ұлттық ұлан сарбазы көшеде көмек сұраған бейтаныс қызды бұзақылардан қорғады
239
оқылды
Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінің әскери қызметкері Артем Калашников 13 ақпан күні бұзақыларға тап болған қызды құтқарды. Ол жыл сайынғы демалысында жүрген. Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға сағат 00.40 шамасында болған. Жібек Жолы көшесімен үйіне қайтып бара жатқан қатардағы жауынгер Артем Калашников қыз баланың көмек сұрап айқайлағанын естіп, ойланбастан қыздың дауысы шыққан жаққа жүгіреді. Қызды екі ер адам  зорламақ болған. Артем оның біреуін ұстап үлгерген, екіншісі қашып кеткен. Оқиға орнына 102 полиция экипажы шақырылып, күдікті Шымкент қаласы Еңбекші ауданының АІІБ-не жеткізілді. Әскери қызметкер оларды ұстау кезінде абайсызда қолын жарақаттап алды. Бірақ полиция келгенше күдіктіні жібермей ұстап тұрды.
«Мен бейтаныс қыздың көмек сұрағанын ести сала жүгіріп бардым. Менің орнымда кез келген адам осылай істер еді деп ойлаймын», – дейді Артем Калашников.
Осы оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, екінші күдікті іздестіріліп жатыр.