Министрлік тарапынан Тайжанның компаниясына көмек көрсетілетін болды
Министрлік тарапынан Тайжанның компаниясына көмек көрсетілетін болды
222
оқылды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов бизнесмен Илон Маск ұйымдастырған Not-A-Boring Competition байқауына қатысқан Санжар Тайжанмен кездесті.

Өнертапқыш министрге өзінің жаңа жобасы – электромобильді таныстырды Санжар Тайжан командасымен бірге бензинмен жүретін автомобильдерді қайта жаңғыртып, батареямен қозғалатын көлік құрастырады. Ол министрге көліктің ерекшелігін айтты.   [caption id="attachment_111517" align="aligncenter" width="800"]Санжар Тайжан Фото: ИИДМ-нен алынды[/caption]

«Электрмен қозғалатын көлік ауа райы жылы кезде 100 шақырымдай жүре алады. Біз оны 500-600 шақырымға дейін көбейтпекпіз. Мақсатымыз – электромобильдердің қазақстандық брендін жасау. Жақын арада дизайны жаңа 30 прототип әзірлеп, модельге 200-ден астам патент алуды жоспарлап отырмыз», – дейді Санжар Тайжан.

Министр Бейбіт Атамқұлов жаңа технологияларды дамытуды қолдау маңызды екеніне тоқталды.   [caption id="attachment_111518" align="aligncenter" width="800"]Санжар Тайжан Фото: ИИДМ-нен алынды[/caption]

«Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен Санжар Тайжанның компаниясы жобаны іске асыру үшін бірлесіп инвесторлар іздестіруді жоспарлап отыр. Министрлік стартапты дамытуға және оның өнімдерін шығаруға көмектеседі», – деді министр.