Карантин талаптарын сақтамай, көкпарға жиналғандарды учаскелік инспектор таратпақ болған. Сол сәтте топ ішінен белгісіз біреу шолақ мылтықтан аспанға оқ атып, артынша көлікке мініп, қашып кеткен, – деп хабарлайды AstanaTV.
Төрт күдікті мінген көлікті полицейлер Қазығұрт ауданы орталығынан тоқтатты. Тексеру кезінде олардың сөмкесінен 16 калибрлі шолақ мылтық, оқ-дәрілер алынды. Полицейлер ұсталғандардың үйін тінтіп, бірнеше қару тапты.
Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Сұлтанбек Үсіпбеков: «Екі травматикалық тапанша және бір ұңғылы тіркелмеген заңсыз қару тәркіленді. Күдіктілердің Қазығұрттағы бұзақылық әрекеті дәлелденіп, төртеуі де қамауға алынды», – деді.