Сот Денис Теннің анасы берген өтінішті қанағаттандырмады
Сот Денис Теннің анасы берген өтінішті қанағаттандырмады
198
оқылды

Сот қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денин Теннің анасы Оксана Теннің өтінішін қанағаттандырмай тастады.

Оксана Тен 2018 жылдың жазында ұлына шабуыл жасалған оқиғаны көзімен көрген полицейлердің үстінен шағым түсірген болатын.

Инспекторлар Әділбек Мұсаев пен Азамат Нұрпейісовті Денис Тен жарақат алғаннан кейін қажет әркетті жасамады деп айыптаған. Екі полицей де осы оқиға бойынша өткен сотта куәлік еткен. Сотта полицейлер Денис Тенге шабуыл көз алдында жасалғанын, алайда олар спортшыға жарақат алған соң ғана таяп барғанын айтқан.  

Оксана Тен өз шағымында соттан тергеу органдары полицейлерді жіті тергеу арқылы ұлының өлімінің алдын алуға мүмкіндік болған-болмағанын анықтап беруін өтінген.

2018 жылы тамызда «Немқұрайлық салдарынан ауыр зардапқа алып келу» бабы бойынша тіркелген іс коррупцияға қарсы қызметке жүктелген еді. Былтыр наурызда тергеуші «қылмыс құрамы жоқ» деп, тергеуді тоқтатқан. Оксана Теннің өкілдері қылмыстық істі тоқтату туралы қаулы негізсіз және жоюға жатады деп, сотқа қылмыстық істі қосымша тергеуге жіберу туралы   өтініш берген. Мамандандырылған ауданаралық тергеу соты Оксана Теннің адвокатының шағымын қанағаттандырусыз қалдырған шешім шығарды.   

Денис Тен – 2014 жылы мәнерлеп сырғанаудан Сочи олимпиадасының қола жүлдегері. 2013 жылғы әлем чемпионатында күміс медаль жеіңіп алды. VІІ қысқы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан чемпион атанды, Қазақстанның үш дүркін чемпионы. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері.

Денистің 2018 жылдың жазында қарақшылар қолынан көз жұмуы әлемдік деңгейде резонанс туғызды.

2019 жылы қаңтарда Денис Теннің өлімі бойынша өткен сот отырысында Арман Құдайбергенов пен Нұралы Қиясов 18 жылға, қылмыстық істің тағы бір фигуранты   Жанар Толыбаева төрт жылға бас бостандығынан айырылды.