«Шетелде оқыған ақшасын түгел мемлекетке қайтарады» – магистранттардың тәртібі
«Шетелде оқыған ақшасын түгел мемлекетке қайтарады» – магистранттардың тәртібі
178
оқылды

Шетелде тағылымдаман өткен қазақстандық магистранттарға қатысты видео бойынша комиссия құрылды, — деп жазады academy.sud.kz.

Жоғарғы сот жанындағы Сот төрелігі академиясы 2019 жылы қарашада шет елдегі тағылымдаман өту кезінде академия магистранттарына қатысты 13 қаңтарда YouTube желісінде жарияланған бейнематериалды зерттеу мен тексеру бойынша комиссияның құрылғандығын хабарлайды.

«Тәртіп бұзушыларға тәртіптік жаза шараларын қолдану туралы мәселені шешуге, тексеру қорытындысы бойынша жасалған комиссия ұсыныстары негіз болады. Академия магистранттарының тәртіп бұзушылығы расталған және оларды оқудан шығару туралы шешім қабылданған жағдайда олардан оқу үшін мемлекет тарапынан жұмсалған барлық қаражат, осы шет елдегі тағлымдамамен байланысты бюджеттік шығындар өтеледі».

Дереккөздің жазуынша, оқу жұмысы мен шет елдегі тағылымдаманы ұйымдастыруға жауапты қызметкерлер қазіргі кезде академияда жұмыс істемейді.

Мәселен, биыл 14 қаңтардан оқу және ғылыми жұмыс бойынша вице-ректор Н.Р.Раззак, 2019 жылдың 9 қазанына дейін Академия ректоры міндетін атқарушы; 2019 жылдың 3 желтоқсанынан халықаралық ынтымақтастық сұрақтары бойынша жетекші ғылыми қызметкер А.К.Әбікеева; 2019 жылдың 12 желтоқсанынан Жоғарғы оқудан кейінгі институттың бас сарапшысы Л.Е.Төлеп. Сондай-ақ, 2019 жылы қазан айында академияға З.Х. Баймолдина ректор болып тағайындалды.

Академия баспасөз қызметі таратқан мәліметте: «Бірінші, бейнематериалдағы тұлғалар академияға 2 жыл бұрын түскен. Олар түрлі мемлекеттік органдардың, негізінен, министрліктердің және ведомствалардың қызметкерлері» делінген

Екіншіден, академияның дипломы мен оқуы магистранттарды судья лауазымына автоматты түрде тағайындамайды. Олар басқа да кандидаттар секілді заңда көрсетілген Жоғарғы сот Кеңесі өткізетін барлық конкурстық рәсімдерден өтеді.

Үшіншіден, егер бұрын конкурста үміткердің әрбір төртіншісі сәтті өтіп судья ретінде тағайындалған болса, 2019 жылдан бастап қатаң тәртіп енгізілгеннен кейін конкурста үміткерлердің әрбір жиырмасыншы ғана өте алады.

Тексерістің нәтижесі жарияланады.