Елордада карантин жеңілдетілуі мүмкін
Елордада карантин жеңілдетілуі мүмкін
5,297
оқылды
Елордада карантин жеңілдетілуі мүмкін. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Сархат Бейсенова брифингте айтты.
«8 ақпаннан бастап 10 ақпанға дейін 3 күн бойы біз "қызыл" аймақта болдық. Содан соң қайтадан  "жасыл" аймаққа оралдық, қазір тұрақты түрде "жасыл" аймақта тұрмыз. Соған байланысты белгілі бір деңгейде карантинді жеңілдету мәселесі талқыланып жатыр. Егер осы аптада  тұрақты түрде "жасыл" аймақта қалсақ, бірқатар шектеу шарасы жеңілдетіледі», - деді Сархат Бейсенова.