Ресейде құс тұмауы тіркелді. Бұл туралы елдің Тұтынушылар құқығын қорғау қызметі хабарлады.
Вирус Ресейдің оңтүстігіндегі құс фабрикаларында жұмыс істейтін бірнеше адамнан табылған. Бірақ, билік әзірге құс тұмауының адамнан адамға жұғу дерегі болмағанын айтады. Мәліметтер Дүниежүзілік денсаулық сақтау органына жолданған.
- Адамның құс тұмауын жұқтырғаны зертханада расталды. «Вектор» орталығының мамандары вирусты құс фабрикасында жұмыс істеген жеті жұмысшыдан анықтап отыр , - деді Ресей тұтынушылар құқығын қорғауды қадағалау қызметінің басшысы Анна Попова.
Бұған дейін таяуда коронавирустан да қауіпті пандемия басталатынын хабарлаған болатынбыз.