Бұдан былай шетелден әкелінген көліктер тез арада тіркеуден өтуі қажет.
Армения, Қырғызстан, Ресей, Беларусьтен әкелінген көліктер 10 күннің ішінде біздің елде рәсімделуі міндетті. Қазіргі кезде Қазақстанда Армения, Қырғызстан, Беларусь және Ресейде тіркелген 170 мыңнан астам көлік жүр. Тіркеуден өтпегендерге айыппұл салынады. Көліктері айып тұрағына қойылады.
Сондықтан шет мемлекеттен көлік алып келген соң, оны 10 күн ішінде тіркеуі керек. Алдымен көліктің салығын төлейді.
Министрлік өкілінің айтуынша, бұл ереже тек Армения мен Қырғызстаннан әкелінетін көліктерге қатысты. Ресейде тіркелген темір тұлпарларды біздің елдің аумағында мініп жүре беруге болады деген ақпарат шындыққа жанаспайды.
ІІМ əкімшілік полиция комитетінің өкілі Ақтоты Боранованың айтуынша, бұл тәртіп бұрыннан бар, жаңалық емес.
– Барлық көлікке, яғни басқа мемлекеттік органдарда тіркелген автокөліктерге қатысты. Яғни ол жалпақ тілмен айтқанда, шетелден әкелінетін көліктер. Бұл бұрынан бар. Ешқандай жаңалық емес, – дейді.
Айта кетейік, шетелде тіркелген көліктермен біздің елде жүрген азаматтар былтыр 1800-ден аса жол апатына себепкер болып, салдарынан 132 адам қаза тапқан. 500-ден астамы жарақат алған. Сондықтан да тіркеу мәселесі қоғамда қызу талқыланып жатыр.
17-18 қаңтар күндері Ішкі істер министрлігінің барлық бөлімшесінде осы тақырып төңірегінде арнайы қабылдау өтеді.