«Табалдырықтан күтіп алып, пышақтаған» – кәсіпкерді отбасымен өлтіргендер іздестірілуде
«Табалдырықтан күтіп алып, пышақтаған» – кәсіпкерді отбасымен өлтіргендер іздестірілуде
192
оқылды

Батыс Қазақстан облысының Бәйтерек ауданында тұратын кәсіпкерді белгісіз біреулер отбасымен өлтіріп, үйін өртеп жіберген, – деп хабарлайды AstanaTV.

Телеарнаның хабарлауынша, Қандықол қарақшылар 66 жастағы кәсіпкер Александр Запрометов пен оның әйелін, тіпті Ресейден келген ұлын да пышақтап өлтірген.

Олар жанұшырып телефон арқылы көмек сұраған әйелді де аямаған. Кейін ізін жасыру үшін үйді өртеп жіберген.

Телеарна тілшісіне көршілері марқұмның жақсы адам болғанын айтқан. 

Ауыл тұрғыны Петр Фоменко: «Ақша үшін нашақорлар өлтірді деген де қауесет тарады. Бірақ ауылдағы дүкеннен көп ақша түспейді. Кім болса да, өлтіруге бел байлағандар деп ойлаймын. Өйткені табалдырықтан күтіп алып, пышақтаған. Өздеріне қарсылық көрсеткен ұлының ішек-қарнын ақтарып, басына да пышақ тыққан» десе, көршісі Оразғали Сәметов: «Бұл қылмысты жасағандар ауылдың адамы емес. Әлде баласы Ресей жақта бірдеме бүлдіріп, соның артынан кек алуға іздеп келуі де мүмкін. Әйтпесе, ол – ауылға еңбегі сіңген адам. Тірі жанға қиянаты жоқ еді», – дейді.

Қазір осы оқиғаға байланысты тергеу жалғасып жатыр.