Қар көшкінінен қаза тапқандар саны 77-ге жетті
Қар көшкінінен қаза тапқандар саны 77-ге жетті
109
оқылды

Қар көшкінінен зардап шеккендердің саны көбейді, – деп жазады 24.kz.

Пәкістандағы көшкін салдарынан кемінде 77 адам қаза тауып, 94 адам жарақат алған.

Көшкінге Пәкістанның Кашмиріндегі Нилум алқабында қалың қар жаууы әсер еткен.

Жергілікті билік таратқан мәлімет бойынша, қаза тапқандардың саны әлі де артуы мүмкін.

Пәкістанның премьер-министрі Имран Хан төтенше жағдайлар агенттігінен, әскерилер мен федералды министрліктерден зардап шеккен тұрғындарға гуманитарлық көмек көрсетуді сұрағанын мәлімдеді.

Еске сала кетейік, биыл Пәкістанда соңғы 20 жылдағы ең суық қыс түсті. Кашмирде жауған қар жолдарды жауып, телефон байланысы үзілді.

Аудан, облыс орталығынан алыс аймақтарда электр жарығы да сөніп қалып жатыр.