Алматыда мәйітхана басшысы 14 000 000 теңге пара алған
Алматыда мәйітхана басшысы 14 000 000 теңге пара алған
133
оқылды

Агенттіктің мәліметінше, ол былтыр мемлекеттік сатып алу бойынша қол қойылған келісімшартта 4,5 миллион теңге жымқырған деген күдікке ілінді.

«Б.Әлібеков осы мақсатын жүзеге асыру үшін заңмен тыйым салынғанына қарамастан, «Veritas Primus» ЖШС-н құрып, сол арқылы қаржыны жылыстатқан. Күдікті салынып жатқан жаңа паталогоанатомиялық бюроға құрал-жабдықтар жеткізушінің актілеріне кедергісіз қол қойғаны үшін 14 000 000 теңге көлемінде пара алған», – дейді агенттік өкілдері.

Алматыда істің ақ-қарасы сотта қаралып жатыр.