25 ақпанға арналған ауа райы болжамы
25 ақпанға арналған ауа райы болжамы
109
оқылды

Оңтүстік, оңтүстік-шығыста түнде толассыз қар жауады, тек батыста ғана антициклон ықпалымен жауын-шашын жаумайды.

Кей өңірде тұман түседі, көктайғақ пен бұрқасын болады. Жел күшейеді. Оңтүстік-шығыста жел екпіні 30 м/с жетеді. Жамбыл, Түркістан облысында тұман, көктайғақ, бұрқасын болады. Жел қарқыны 23-28 м/с дейін күшейеді. Жамбыл облысының оңтүстік-батысында жел 30 м/с жылдамдықпен соғады. Алматы облысында тұман түсіп, көктайғақ болады, боран соғады. Желдің екпіні – 25 м/с. Павлодар, Қызылорда облысында бұрқасын соғады. Жел екпіні 25 м/с жетеді. Қостанай, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облысында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады. Жел қарқыны – 15-20 м/с. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 23-28 м/с болады. Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде боран соғады. Желдің күші – 15-20 м/с. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, түнде жаяу бұрқасын көтеріледі. Маңғыстау облысында тұман түседі.