Мыңнан астам түйе белгісіз індетке шалдыққан
Мыңнан астам түйе белгісіз індетке шалдыққан
504
оқылды

Маңғыстау облысында екі айға жуық уақыттан бері түйе­лер белгісіз ін­детке шалдығып жатыр. Өткен жылдың тамыз айын­да Қарақия ауда­нын­дағы малдан тараған дерт өңір­­ге жайылып, мың­нан астам түйеге жұқ­қан. Түйе­лерден алын­­­ған сынама Ветери­нар­лық ғы­­лыми-зерттеу инс­титу­­­тына жолданған. Әзірге жауап­ты ма­мандар індет­тің атын айта алмай отыр­са, ел іші оны «күл (оспа)» ауруы дейді.

Дегенмен жұртшылық ара­сында өзге де болжам жоқ емес. Әділбек Сағындық есімді өңір тұрғыны әлеуметтік желідегі па­рақшасында бұл ауру адамдарға да жұғып жатқанын, соның бірі өзі екенін айтқан. Сөзінше, атал­ған ауру – сто­матит. Ауыл ша­руашылығы министрлігі Вете­ри­нарлық бақылау және қадағалау комитетінің Маңғыстау облыс­тық аумақтық инс­пек­циясының басшысы Қуанышкерей Мыр­затов індеттің си­паттамасын көрсетіп, қатерлі ауру адам­дарға да қауіп төндірді деп даурығудың қажеті жоғын баяндап отыр:

– Жұқпалы аурудан түйенің ауыз қуысы, еріндері мен мұ­ры­ны қабынып, малдың шөп жеуі, су ішуі қиындап, мал жүдейді. Антибиоти­ктермен уақытылы ем жүргізілген түйелер 1 аптаның ішінде толықтай сауығып кете­ді, – дейді маман.

Жоғарыда ел ішінде көпшілік індетті «күл (оспа)» деп атап жүр­генін жаздық. Күл – адам мен малдың конта­гиозды жұқпалы ауруы. Көбіне салғырт­тықтан елді мекенде ша­мадан тыс қоқыс жиналып, ауа лас­танса пайда болатын дерт. Дегенмен мамандар қорытынды шығармайынша індетке бай­ла­нысты түрлі болжам айту қиын. 2019 жылдың күз айларынан бері диаг­нозы белгісіз аурумен 1 139 түйе ауырған, 1 112 түйе ем жүр­гізген соң сауыққан, қалған 27 бас малға ве­теринарлық шаралар қол­данып жатыр. Ресми мәлі­меттен бөлек, алыс­тағы ауылдар­да індет әлі де жайылып жатуы мүмкін екенін естен шығар­маған жөн. Осыған бай­ланысты облыс әкімі Серікбай Тұрымов Үкіметке хат жолдап, Ауыл шаруа­шылығы министрлігі шұғыл шара­лар қолдануға ықпал етуін сұра­ғаны қосымша хабар­ланды. Министр­лікке қарасты диагнос­ти­калық орталықтың мамандары об­лысқа 3 рет келіп, мони­торинг жүргізген. 70 бас түйеден сына­ма алып, тексерген. Індеттің атын атап, түсін түстеп бере алмаған аса қауіпті ауру табылған жоқ деп қорытынды жасап отыр. Одан бө­лек, желтоқ­сан айының басында 12 түйе­ден алынған сынама 3 түрлі тәуелсіз ветеринарлық ғы­лыми-зерттеу орталық­тарына жолданған.

Жағдайға байланысты ха­лықтың жауапты мекемелерге түрлі сын айтуы да – заңдылық. Себебі мал арасындағы індет Маң­ғыстау облысында бірінші рет тіркеліп тұрған жоқ. Себе­бімен емес, салда­рымен күре­сетін баяғы үйреншікті «дәстүр» қолды мезгілінен кеш сер­меудің тағы бір мысалы емес пе? 2018 жы­лы көктемде Маңғыстау өңі­рінде 44 ірі қара құтырудан өлді. Жиырмаға жуық малдан қоз­дырғыш белгілері табылды. Сол кездері «құтырған малдың еті сатылымға шығып кетті» де­ген жал­ған қауесеттен ел-жұрт бір дүрлігіп қал­ғаны да жа­сырын емес. Өңірлік ветерина­рия бас­қармасы «бұдан былай мал ау­руының алдын алып отырамыз» деп мәлімдеген. Дәл сол уақытта көрші Ақтөбе облысында бру­цел­лездің 12 ошағы тіркелді. Қызыл­орда облысында да жыл сайын әртүрлі мал ауруы шығып, ірі қара қырылған соң ба­рып шара қолданылып жатады.

Сонымен қатар Маңғыстау өңірінде қыркүйек айынан жел­тоқсан айына дейін түйелер шешек ауруына шалдықты деген ақ­парат пайда болған. Қыркүйек айын­­да – 6 бас түйе, қазан айында – 3 бас түйе, желтоқсан айында 5 бас түйе­ден шешек ауруына күдік туызғаны және айтылды. Алай­да хаттамалық сынақтарға сәйкес қыркүйек және қазан айларында алынған биология­лық сынамалар теріске шыққан болатын.

Жалпы, Маңғыстау облы­сын­да жаңа жылға дейінгі дерек­ке сүйен­сек, 69 022 түйе бар. Маң­ғыстауда – 23 258 бас; Бей­неуде – 19 605 бас; Қарақия­да – 11 478 бас; Түп­қа­рағанда – 7 212 бас; Мұнайлыда – 4 995 бас; Ақтау қала­сында – 178 бас; Жа­ңаөзен қаласында 2 296 түйе бар екені анықталған.

Мәселеге байланысты облыс әкі­мінің орынбасары Бақытжан Қашақов жағдайдың тұрақты екенін жеткізіп отыр. Әлі де ін­дет белгісі бар түйелерге вете­ри­нарлық ем жүргізіп жатқаны хабарланды.


Мадияр.JPG    Мадияр ТӨЛЕУОВ