Түркістан қаласының тарихына екі мыңнан астам жыл болуы мүмкін. Қала әкімі Рашит Аюпов және археологтар мен сарапшылар осындай мәлімдеме жасады, - деп хабарлайды Otyrar.kz.
Аюпов нақты шешім 2020 жылдың қарашасында ғана жарияланатынын айтты. Тарихи деректерге байланысты ЮНЕСКО өкілдері пікірлерін айтты. «Әр түрлі зерттеу жұмыстарын жүргізген мамандар біздің Түркістанға екі мың жылдан астам уақыт, тіпті 2 800 жыл толғанын айтып отыр. Мен бұл мәліметтердің анықталатынына сенімдімін», - деді Түркістан әкімі.
Сарапшылардың айтуынша, бұл аңыз, болжамның негізі бар.
«Бүгін кездесуде осы идеяны қалай ілгерілетуге болатыны жайлы ой қозғадық. Негізінде, деректер бар. Бірақ тағы да дәлелдер қажет, ал оларды біздің археологтар тапқаннан кейін халықаралық жұртшылыққа таныстырады. Археолог Айсұлу Ержігітованың айтуынша, Күлтөбеде әлі тиянақты зерттеулер жүргізілмегендіктен, қаланың жасы 2 200 жылдан артық болуы әбден мүмкін. Осы тамаша Түркістан қаласына қанша жыл толғанын анықтау үшін уақыт керек», - деді Халықаралық Орталық Азия зерттеулер институтының директоры Дмитрий Воякин.
Еске сала кетейік, 2000 жылы Түркістан 1 500 жылдығын ресми түрде атап өткен.