Волонтер жылының кітапханадағы ресми ашылуы болды
Волонтер жылының кітапханадағы ресми ашылуы болды
219
оқылды

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2020-жыл «Волонтерлар» жылы деп жарияланды. Осыған орай 17 қаңтарда Алматы қаласы Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі, қалалық Жамбыл атындағы жасөспірімдер кітапханасында волонтерлар жылының кітапханадағы ресми ашылуы өтті.

Салтанатты жиын ҚР Президенті идеясын қолдап, оны насихаттауды мақсат етеді. Кітапхана оқырмандарына волонтерлықтың мән-мағынасын, маңызын ұғындырып, жастарды белсенді болуға шақырады. Сонымен қатар келушілер арасында пікір алмасып жаңа буынның жаңа идеялары ортаға салынады.

Аталған шараға шақырылатын спикерлер:

1. Паралимпиада ойындарының жүлдегері, волейболдан Қазақстан жастар құрамасының капитаны – Серік Есматов

2. Журналист, «Айтуға оңай», «Қарекет», «Беу», «Шешімі бар» бағдарламаларының продюсері – Әлия Құдайберген

3. Nur Otan партиясы Алмалы аудандық филиалы ақпараттық тобының мүшесі – Әлмади Қанатұлы

4. Алматы қалалық Jas Otan жастар қанатының жетекшісі – Мәди Ахметов

5. Республика және Алматы қаласы бойынша волонтерлар лигасының жетекшісі – Айсұлу Ерниязова

Волонтерлар жылының ашылу салтанатында әр спикер келушілерге арнап еріктілік жайында кеңінен мәлімет берді. Оның мәнін аша отырып ел болашағы үшін маңызын да саралады. Ұлттық танымымызда сақталған асар, көршіге көмек сынды ұғымдар туралы тарата әңгімеледі.

Спикерлер сөзінен кейін қатысушылармен бірге «Біз біргеміз» флеш-мобы ұйымдастырылды. Келушілерге арнап топтық аймақта шахмат және тоғызқұмалақ тақталары қойылды. Оқырмандар Жиынға келгендер естелікке фотоға түсіп, салтанатты шарадан рухани азық алып, жігерленіп қайтты.

2.jpg

3.jpg