Нұр-Сұлтанда екінші сынып оқушысы белгісіз жағдайда көз жұмды
Нұр-Сұлтанда екінші сынып оқушысы белгісіз жағдайда көз жұмды
5,458
оқылды

Полицейлер бір күн бұрын дәрігерлер қызға ем тағайындағанын анықтаған.

Нұр-Сұлтанда 2011 жылғы қыз қайтыс болды. Бұл туралы астаналық полиция департаментінде хабарлады.

Баланың қайтыс болғаны туралы хабарлама 14 қаңтарда сағат 19:33-те келіп түскен. Оқиға орнына жедел-тергеу тобы шықты.

Полиция қызметкерлері бір күн бұрын қыз өзін нашар сезінгенін анықтады. Ата-аналар дәрігерге жүгініп, олар ем тағайындаған. Келесі күні баланың денсаулығы нашарлап, есінен танып қалған. Жедел жәрдем келгенге дейін оқушы көз жұмды.

Бұл факт сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. Қазіргі уақытта қажетті сот-медициналық сараптама тағайындалды. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге сала кетейік, жақында Нұр-Сұлтанда тіс дәрігеріне барған екі жасар бүлдіршін есінен танып қалған болатын. .

Тексеріс балаға "Мепивастезин" препараты егілгенін көрсетті. Ол төрт жасқа дейінгі балаларға салуға болмайтын анестезия екені анықталды.

Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов жағдайдың мән-жайын анықтап, оқиғаны өз бақылауына алатынын мәлімдеді.