Елордада «Халықтың сүйіктісі» анықталды
Елордада «Халықтың сүйіктісі» анықталды
236
оқылды

2019 жылдың қорытындысы бойынша 29 номинация бекітілген.

"Республика-Аймақ-Даму" ҚҚ 9 жыл қатарынан "Халықтың сүйіктісі" ұлттық сыйлығын өткізіп келеді. Ашық дауыс беру қорытындысы бойынша Facebook пайдаланушылары өмірдің түрлі салаларында үздік жетістіктерге жеткен адамдарды таңдайды. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 29 номинация бекітілді. 200-ден астам үміткер ұсынылды.

"Nur Otan" партиясы жанындағы Отбасы, әйелдер және балалардың құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары Динара Закиева "Жыл мойындауы" номинациясының лауреаты атанды. Д. Закиеваның басшылығымен 1 300-ден астам білім беру, әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау мекемелеріне 200-ден астам елді мекенге мониторинг жүргізілді. Нәтижелері бойынша балалардың құқықтары қорғалып, өмірі мен дамуы үшін қолайлы жағдайлар жасау шаралары қабылданды.