Кәрім Мәсімовке жаңа лауазым ұсынылды
Кәрім Мәсімовке жаңа лауазым ұсынылды
249
оқылды

Ұсыныс қолдау тапты.

Кәрім Мәсімов Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығының құрметті президенті атанды. Бұл туралы бүгін Нұр-Сұлтанда өтіп жатқан қауымдастықтың II конгресінде белгілі болды.

"Қазақстанның жауынгерлік өнер қауымдастығы үшін 2019 жыл өте жемісті болды. Өткен жылы Қауымдастық 17 облыстық және екі халықаралық жауынгерлік өнер фестивалін өткізді. Биыл біздің алдымызда жаңа міндеттер тұр. 2020 жылы біз студенттер арасында муайтай бойынша FISU Әлем чемпионатын өткізуді жоспарлап отырмыз. Әлемнің 20 елінен 300-ге жуық спортшы келмек. Сондай-ақ, қазақтың ұлы ақыны Абайдың 175 жылдығына орай Семейде жауынгерлік өнер фестивалін өткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Қазақстан жауынгерлік өнер қауымдастығының басшысы Кәрім Мәсімов.

Өз сөзінде Кәрім Мәсімов қауымдастық басшылығындағы кейбір өзгерістер туралы мәлімдеді. Сонымен, ол қауымдастықтың бірінші вице-президенті Әнуар Садықұловтың кандидатурасын президент лауазымына ұсынды.

Өз кезегінде Әнуар Садықұлов артылған сенім үшін алғыс білдіріп, Кәрім Мәсімовтің кандидатурасын қауымдастықтың құрметті президенті лауазымына ұсынды.

Ұсыныс қолдау тапты.