Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды
Жылқы іздеп шыққан қостанайлық алты күннен соң табылды
5,143
оқылды

Қостанай облысында боранды күні жылқы іздеуге шыққан ер адам бір аптадан соң табылды.

21 ақпан күні Амангелді ауданының тұрғыны полицияға хабарласып, жылқы іздеуге шыққан Амангелді Сағымбайұлының қайтып оралмағанын айтқан.

«1971 жылы туған жылқышы Үрпек ауылына қарасты «Евразия-Инвест» ЖШС-не тиесілі «Бірәлі» қыстағында жылқы бағып жүрген. 20 ақпан күні түнде атпен жылқы іздеп шыққан. Іздестіруге аудандық төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлерімен бірлесіп, Амангелді ауданы полиция бөлімінің жедел уәкілі М.Ахметов, тергеуші С.Махамбетов, учаскелік полиция инспекторы К. Әмірбеков шыққан болатын. Іздеу іс-шараларының нәтижесінде 27 ақпан күні жылқышы А.Тұржанов табылып, тікұшақпен Жезқазған қалалық ауруханасына жеткізілді»,– делінген полиция таратқан хабарламада.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, жылқышы боранды күндері қар астында жатып, үсіп кетуден аман қалған.