Еуразиялық банк AsiaCredit Bank салымшыларына берілген кепілдік төлемді өтеуде
Еуразиялық банк AsiaCredit Bank салымшыларына берілген кепілдік төлемді өтеуде
183
оқылды

Төлем 24 ақпаннан басталды. Бірінші күннің өзінде 7,6 млрд теңге төленді. Бұл дегеніміз – Қазақстан бойынша берешек соманың үштен бірі өтелді.

Өтініш білдіргендердің басым көпшілігі AsiaCredit Bank филиалдары орналасқан Нұр-Сұлтан, Алматы, Ақтау, Атырау, Ақтөбе, Қарағанды, Павлодар, Петропавл, Өскемен, Шымкент және Түркістан қалаларынан түскен.

Төлем 2022 жылдың 1 мамырға дейін жалғасады. Сондықтан  AsiaCredit Bank салымшының бәрі өз өтемін  алатынын ескертті.