Алматы-Бішкек тас жолында болған апаттан бір адам көз жұмды
Алматы-Бішкек тас жолында болған апаттан бір адам көз жұмды
232
оқылды

Тағы бір жолаушы реанимация бөлімінде ауыр халде жатыр.

Кеше, 18: 30 шамасында Алматы — Бішкек тас жолының 128 шақырымында ЖКО орын алып, бір адам көз жұмды.

Highlander маркалы автокөлік пен Previa минивэні қақтығысқан. Toyota Previa Бішкекке қарай жүріп келе жатқан. Ал Toyota Highlander автокөлігінің жүргізушісі Ақтерек ауылынан шыға берісте Previa көлігінің тура алдынан шыққан.

Минивэннің (Previa) жүргізушісі соқтығысудан қашпақ болып шетке көлігін бұрған. Бірақ бұл әрекетінен түк шықпайды. Нәтижесінде, Минивэн кроссовер (Highlander) бүйіріне соғылды. Күшті соққыдан минивэнжол бойында шыр айналып, ал кроссовер жол жиегіне шығып кетеді. Previa жүргізушісі аударылып жатқан кроссовердегі зардап шеккендерге көмек көрсетуге жүгіреді және жедел жәрдем шақырған. Оқиға орнына жеткен жедел-жәрдем бригадасы кроссовердің 1940 жылы туған бір жолаушысының қайтыс болғанын айтып, екінші әйелді жақын маңдағы ауруханаға жеткізген. Зардап шеккен жолаушы ауыр халде жан сақтау бөлімінде жатыр. Екі жүргізуші де ауыр жарақат алған жоқ. Кейін кроссовердің жүргізушісі келе жатқан минивэнді байқамағанын айтты. Алматы облысының анықтаушысы жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайын анықтауда.