Сүт өтпей, фермалар жабылып жатыр
Сүт өтпей, фермалар жабылып жатыр
220
оқылды

Сүттің өтпеуіне тұрғындардың азық-түліктің құрамына қарап тамақтануы әсер етіп отыр, – деп жазады 24.kz.

Cонымен қатар тұтынушылар көмір қышқылы мен қанты көп азық-түліктен де бас тартып жатыр.

Дереккөздің жазуынша, Washington Life, DC Metro MagazineІ журналдарының ас-суға байланысты айдары көпшілікке танымал. Онда тағамтану, АҚШ-тың әйгілі аспаздарының шеберлік құпиялары және осы ас дайындауға байланысты түрлі тақырыптар қамтылады. 

Публицист Джордан Райт: «Қазір АҚШ тұрғындарының тамақтануында біраз өзгерістер болып жатыр. Тұтынушылар жергілікті өнімдерді алуға құштар. Аспаздар фермерлерге тікелей тапсырыс беруге көшкен. Мұндай үрдіс бүкіл ел аумағын қамтып жатыр десем қателеспеймін.

АҚШ-та сиыр сүтінің сатылымы төмендеп, көптеген ферма жабылып жатыр. Адамдар сұлы жармасы, бадам, соя сынды дақылдардың сүтін сатып алуға көшкен. Тұрғындар олар сиыр сүтіне қарағанда пайдалы деп санайды. Халықтың мұндай алаңдаушылығын түсінуге болады, – дейді.

Оған себеп, елде қант диабетімен ауыратын адамдардың саны көбейген. АҚШ-та әр бесінші бала осындай дертке шалдыққан.