Жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйел табылды — Атырау
Жаңа туған сәбиін көшеге тастап кеткен әйел табылды — Атырау
271
оқылды

Атырауда жаңа туған қызды аязды күні далаға тастап кеткен Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екені анықталды, – деп жазады «Мой город» басылымына сілтеме жасап «Спутник Қазақстан».

Басылымның жазуынша, полицейлер ұсталған келіншектің 22 жастағы Батыс Қазақстан облысының тұрғыны екенін анықтаған.

Бойжеткен босанғанын жасыру үшін Атырауға келген секілді. Нәресте үйде туған, содан кейін анасы оны далаға алып шыққан.

Айта кетейік, оқиға 15 қаңтар күн болған. «Авангард-3» ықшамауданында зейнеткер сәбиді тауып алып, жедел жәрдем шақырғанын жазған болатынбыз.