Министрлік ет өнімдерінің экспорттағы үлесін арттырғысы келеді.
Қазақстаннан малды тірідей экспорттауға тыйым салудың басты себебі – жергілікті кәсіпорындардың жүктемесін өсіру. Бұл туралы елордада өткен брифингте ҚР АШМ Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және қайта өңдеу департаментінің директоры Еркебұлан Ахметов айтты.
«Мемлекеттік бағдарламаның аясында өңделген ет экспортын ұлғайту міндеті қойылғанын атап өткім келеді, біз бұған ұмтылуымыз керек. Тұтастай алғанда, тыйым бұл нарықтық механизм емес, бірақ енгізудің басты себебі – бордақылау алаңдары мен ет өңдеу кешендерін жүктемесін арттыру. Себебі, биылғы жылы жүктеме 50% құрайды», – деді Ахметов.
Сонымен бірге ол қазақстандық ет комбинаттары қазір тірі малдың 1 келісі үшін 1300 теңгеден ұсынып отырғанын мойындады, бұл өзбек бәсекелестерінің сатып алу бағасынан 25% жоғары. Соған қарамастан, ет Өзбекстанға әлі де барады: Ауыл шаруашылығы министрлігі бұл құбылысты өзбектердің фермерлерден етті транзакция жасамай-ақ қолма-қол ақшаға сатып алатынын, сәйкесінше, бұл транзакциялардан салық төлемейтіндігімен түсіндіреді.
Осыған байланысты Ауыл шаруашылығы министрлігі тірі малды әкетуге тыйым салу туралы қаулы жобасын дайындады, ол қазіргі уақытта басқа мемлекеттік органдармен келісілуде.