Жемқорлық пен жұмыссыздықтан шаршаған халық қайта ереуілге шықты
Жемқорлық пен жұмыссыздықтан шаршаған халық қайта ереуілге шықты
309
оқылды

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, 2 адам көз жұмып, тағы ондаған тұрғын жараланған, – деп жазады 24.kz.

Иракта халықтың билікке қарсы ереуілді қайта бастады.

Дереккөздің жазуынша, Бағдадта наразылық акциясының соңы халық пен полицияның қақтығысына ұласқан. Бағдад тұрғындары маңызды жолдарды жауып тастап, көшеде өрт қойған.

Артынша полицейлерге тас жаудырып, жандырғыш қоспасы бар бөтелкелер лақтырған. Билікке наразы жұртты тарату үшін тәртіп сақшылары көзден жас ағызатын газ қолданды.

Еске сала кетейік, Иракта ереуіл былтыр күзде басталған.

Халық жұмыссыздық пен биліктің жемқорлығына қарсы шығып, үкіметті ауыстыруды талап еткен.

Сөйтіп, Премьер-министр отставкаға кеткен.

Қазір ол үкімет басшысының міндетін уақытша атқарып жүр. Ереуілшілер талабы бойынша 20 қаңтарда жаңа үкімет құрылуы тиіс еді.

Алайда әзірге билік бұл талапты орындаған жоқ.

Халық жұмыссыздық пен жемқорлық жойылмай наразылық шараларын жалғастыра бермек.