«Автобустың жолдамасы болмаған» – Қызылордада 11 адам қаза тапқан апаттың себептерін айтты
«Автобустың жолдамасы болмаған» – Қызылордада 11 адам қаза тапқан апаттың себептерін айтты
224
оқылды

Қызылордада «Саутс-Ойл» компаниясының 11 вахталық жұмысшысы қаза тапқан жол апатына кінәлі адамдар қылмыстық жауапкершілікке тартылады, - деп хабарлады «ҚазАқпарат».

Былтыр 3 желтоқсанда автобус апатынан «Саутс-Ойл» компаниясының 10 жұмысшысы мен автобус жүргізушісі қаза болды.

Қызылорда облыстық прокуратурасы: «Аталмыш оқиға бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі бойынша тергеу амалдары басталды. Онда абайсызда екi немесе одан да көп адамның өлiмiне әкеп соққан іс-әрекет жағдайы көрсетілген», – деп мәлім етті.

Ведомствоның мәліметінше, өз міндетіне салғырт қарағаны үшін «Саутс-Ойлдың» вахталық жұмысшыларын тасымалдаумен айналысқан компания директоры қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Сондай-ақ, «Саутс-Ойл» ЖШС вахталық ауысым бастығы мен «Автотранс» ЖШС директорына қылмыстық іс қозғалды. Олар синоптиктердің дабылды ескертуін қаперге алмай, жолға шыққан.

Автобустың техникалық жағдайына мән бермеген. Оған қоса жүргізушіде жолдама парағының жоқтығына қарамастан, көктайғақта жолға шығуына рұқсат берген.