Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
Қостанай облысында жол апатынан 6 адам қаза тапты
155
оқылды
«Қостанай - Әулиекөл» тасжолында екі Джип автокөліктері соқтығысып, салдарынан алты адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Апат бүгін сағат 16.30-да Қостанайдан Әулиекөл ауылына апаратын тасжолдың 69- шақырымында, Новонеженка және Лаврентьевка ауылдары арасында болған.
«Екі Джип автокөліктері соқтығысқан. Оқиға орнында автопатрульдер мен жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қазіргі уақытта жол апатынан 6 адам қаза тапқаны белгілі болды», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, ведомство оқиғаның егжей-тегжейі мен қосымша ақпарат кейінірек берілетінін хабарлады.