Мемлекет және қоғам қайраткері Камал Бұрханов өмірден өтті, – деп хабарлайды «Қазақпарат».
Қайғылы хабар туралы Сенат депутаты Мұрат Бақтиярұлы Facebook-парақшасында: «Жалған өмір-ай... Ұстазым, досым, әріптесім Камал Бұрханов дүниеден озыпты. Соңғы екі жыл төсек тартып жатып калған еді. Мағрипа жеңгем қолдан келгенше барлығын жасады. Амал нешік, бәрі бір жаратқанның қолында. Бақұл бол адал дос. Жаның жәннатта болғай Камал аға!», – деп жазды.
Саясаттану ғылымдарының докторы, профессор Камал Низамұлы1954 жылы дүниеге келген.
Ташкент университетін, Мәскеу мемлекеттік әлеуметтік университетін бітірген.
ҚР Президенті Әкімшілігінің бас сарапшысы, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры қызметтерін атқарды.
IV және V сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Халықаралық істер, қорғаныс және қауіпсіздік комитеті, Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің мүшесі болды.
40-тан астам ғылыми жұмыс және көптеген еңбектің авторы.