Қарызы бар адамдарды қыспаққа алатын коллекторларға талап күшейді
Қарызы бар адамдарды қыспаққа алатын коллекторларға талап күшейді
127
оқылды

Мақсат – қаржы нарығын жіті бақылау, қарызы бар адамдардың құқын қорғау.

Атап айтқанда, кредит беру тәуекелдерінің өсуіне және азаматтардың борыштық жүктемесінің шамадан тыс өсуіне жол бермеу; – дауларды реттеу, борышкерлердің құқықтарын күшейту тетігін жетілдіру; – коллекторлардың жосықсыз әрекеттерінің жолын кесуге, сондай-ақ борышкерлердің құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған. Кредит беруде тәуекелдердің өсуіне және азаматтардың кредиттер (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырумен байланысты емес) бойынша борыштық жүктемесінің шамадан тыс өсуіне жол бермеу үшін түзетулерде: – банктер мен микроқаржы ұйымдарына (МҚҰ) капиталдандырылған мерзімі өткен сыйақыға (тұрақсыздық айыбына, айыппұлдарға, өсімпұлдарға, комиссияларға) сыйақыны есепке жазуға тыйым салу; – микрокредиттер бойынша тұрақсыздық айыбының (айыппұл, өсімпұл) мөлшерін шектеу, сондай-ақ ипотекалық қарыздардың барлық түрлері бойынша мерзімі өткен 180 күннен кейін сыйақылар мен комиссияларды есепке жазуға тыйым салу; – қаржы ұйымдарының жарнамасына мониторингті жүзеге асыру көзделіп отыр. Микрокредит беру саласындағы тәуекелдерді шектеу, алаяқтық әрекеттерге жол бермеу және сыйақының шекті мөлшерлемеден асып кетуін шектеу үшін: – банктер мен МҚҰ-ның кредиттік бюроға номиналды мөлшерлемелер және жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) туралы ақпарат беру, сондай-ақ мемлекеттік кредиттік бюроның қадағалау мақсаттары үшін осы мәліметтерді реттеушіге беру міндеті; – МҚҰ-ның жарнаманы тарату және орналастыру кезінде ЖТСМ-ді көрсету; – МҚҰ-ның Агенттік пен қаржы мониторингі жөніндегі органды микроқаржы ұйымы ретінде мемлекеттік тіркелуі туралы хабардар ету міндеті енгізіліп отыр.

Коллекторлық ұйымдардың жосықсыз әрекеттеріне жол бермеу үшін:

– коллекторларға бөтен телефон нөмірлерінен өзара іс-қимыл жасауға тыйым салу; – борышкерлермен өзара іс-қимыл жасау процесін бейне-аудио тіркеу міндетін белгілеу; – коллектордың үшінші тұлғалармен өзара іс-қимылын жасауын шектеу ұсынылып отыр.

Заң жобасы «Қазақстан Республикасы азаматтарының борыш жүктемесін азайту шаралары туралы» Президенттің 2019 жылғы 26 маусымдағы №34 Жарлығы мен былтыр 24 қаңтарда өткен Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын жүзеге асыруға ықпал етеді.