Алдағы жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды.
Конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі: Қазақстан құрамасының тізімі жарияланды
Фото: ҚР ҰОК
111
оқылды

20-22 қараша күндері Жапонияның Обихиро қаласында конькимен жүгіруден әлем кубогының екінші кезеңі өтеді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Алдағы жарыста Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды.

Ерлер: Нұралы Ақжол, Виталий Щиголев, Артур Галиев, Евгений Кошкин, Никита Важенин, Вадим Якубовский, Андрей Зуев.

Әйелдер: Алина Дауранова, Мария Деген, Арина Ильященко, Алина Шумекова, Инесса Шумекова, Кристина Шумекова, Кристина Силаева, Дарья Важенина.

ҚР ҰОК мәліметінше, Қытайдың Бейжің қаласында өткен әлем кубогының алғашқы кезеңінде Кристина Шумекова 1000 метр қашықтықта күміс медаль иеленген болатын.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.