Дәрігерлік тексерулер мен анализ ақылы болса шағымдану қажет
Дәрігерлік тексерулер мен анализ ақылы болса шағымдану қажет
5,261
оқылды

Ақылы медициналық талдаулар мен зеттеулер 2020 жылдың 1 қаңтарынан бастап тегін. Ол Қазақстанда медициналық сақтандыру жүйесі аясында жұмыс істейді.

Науқастарға көмек енді кепілді тегін медициналық көмек көлемі (ТМККК) шеңберінде көрсетіледі, ол сақтандырушы мәртебесіне және медициналық сақтандыру пакетіне қарамастан барлығына қолжетімді болып табылады.

2020 жылдың 31 наурызына дейін Қазақстанның барлық азаматтары «шартты түрде сақтандырылған» болып табылады және екі пакет шеңберінде медициналық қызметтерді пайдалана алады. Оның ішінде қымбат анализдер мен диагноз қою және емдеу үшін қажетті тексеруден өтуге болады.

- Анализдерді тегін тапсыру үшін, тексеруден, мысалы УДЗ немесе МРТ зерттеуінен өту үшін дәрігердің жолдамасы қажет. Оны терапевт немесе салалы маман, егер диагностика мен емдеу хаттамасы бойынша тексерудің осы түрі көрсетілген жағдайда жазып бере алады. Егер адам өз қалауы бойынша тексеруден өткісі келсе, бірақ көрсетілім болмаса, бұл өз қаражатынан өтеледі, - деді медициналық сақтандыру қорының Қарағанды филиалының бөлім басшысы Светлана Щеткина.

Егер қажетті көрсеткіштер бойынша талдаулар мен тексерулерге дәрігер ақылы негізде жіберген жағдайда, науқас бірінші кезекте пациенттерді қолдау қызметіне жүгіне алады. Ол әрбір медициналық мекемеде жұмыс істейді. Егер мәселе шешілмесе, денсаулық сақтау басқармасының жедел желісіне 95 55 59 немесе медициналық сақтандыру қорының бірыңғай байланыс орталығына 1406 нөмірі бойынша қоңырау шалуы қажет.