Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Елбасы Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады
Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевті 90 жылдық мерейтойымен құттықтады. Бұл туралы Қазақстанның Ресейдегі елшілігінің Instagram-дағы парақшасында хабарланды. Құттықтауда КСРО тұңғыш президентінің барлық жарқын мемлекеттік қызметі зор құрметке лайық екендігі атап өтілген.
«Сіз әлем тарихына елеулі әсер еткен үлкен өзгерістердің бастамашысы болдыңыз. Мерейтойыңызды қуатты күш-жігермен қарсы алғаныңыз, қоғамға қажетті гуманитарлық және ағарту істерімен белсене айналысып жүргеніңіз қуантады. Арамыздағы достық қарым-қатынасты жоғары бағалаймын», – делінген құттықтауда.
Сөз соңында Нұрсұлтан Назарбаев Михаил Горбачевке мықты денсаулық, ұзақ өмір, бақ-береке тіледі.